Атырау, 24 сәуір 05:55
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Айырбас жасалмайды

1 475 просмотра

– Біз 1961 жылы шығарылған 10 рубльдік купюралар бумасын тауып алған едік. Бір танысымыз бірнеше жыл бұрын Ұлттық банктің жергілікті филиалынан  бұдан да ескі ақшаларды  ауыстырып алыпты. Табылған ақшаларды қандай бағам бойынша айырбастай аламыз?

Телефон арқылы

Сұраққа ҚР Ұлттық банкі АФ директоры Қозыбақ ҚҰЛБАРАҚОВ түсінік берді:

– Ұлттық валюта – теңге 1993 жылғы 12 қарашадағы «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» президент жарлығына сәйкес айналымға шықты. Осы Жарлықтың негізінде 1961-1991 жылдары КСРО-да шығарылған рубльдерді 1993 жылдың 15-18 қарашасы аралығында 500 кеңестік рубльді – 1 теңге бағамы бойынша ұлттық валютаға айырбастау жүргізілді.

Бұдан басқа кеңестік банкноттарды теңгеге айырбастау мерзімдері болған жоқ. Сондықтан бірнеше жыл бұрын кеңестік рубльді теңгеге айырбастау мүмкін болды деген пікір жаңсақ боп табылады.

28 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.