Сұрақ-жауап Көп балалы отбасылар үшін 6 мың теңге - Менің төрт балам бар, олардың үлкені бірінші некеден болса, үшеуі екінші некеде дүниеге келді. Екінші күйеуіммен мен некеге отырмағаныммен балаларымның тегі соның атына жазылған. Мен алимент алу жөнінде шағымданғанмын, алайда, күйеуім төлемей отыр. Мен мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына көмек сұрап барғанымда ондағылар маған күйеуімнің алиментті төлемей отырғандығы жөнінде анықтама алып келуімді сұрады. Бүгінгі күні мен жұмыста жоқпын, ең кіші баламмен үйде отырмын, ол бір жасқа тола қойған жоқ. Маған мемлекет тарапынан қандай ма бір көмектер тиесілі ме? 2 наурыз 2011, 23:19 2 572 рет қаралды
Сұрақ-жауап ӘЖК-ні жедел ала аласыз - Әлеуметтік жеке кодты қайтадан алуға бола ма? Ол қанша тұрады және оның дайындалу мерзімі қандай? 2 наурыз 2011, 23:23 3 088 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жалған куәлік етсе… - Менің пікірімше, мүгедек болуыма себеп болған адамды сотқа бердім. Ол алқа билер қатысатын сотты таңдады. Мен оның шешіміне наразылық білдіре аламын ба? Егер куәгер болған адамның сотта шындықты айтпағаны анықталатын болса, оның жазасы қандай екенін білгім келеді? 2 наурыз 2011, 23:29 3 018 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мүгедектікті дәлелдеу керек - Бауырымның сол жақ қолының бас бармағы және төртінші саусағының жартысы жоқ. Оған ең болмағанда ІІІ топ мүгедектігін тағайындауға бола ма? 2 наурыз 2011, 23:31 2 668 рет қаралды
Сұрақ-жауап Хат жазыңыздар - Мен Ресей Федерациясының аумағында тұрамын. Менің жұбайым сотталып, қазір жазасын Атыраудағы жалпы режимдегі колонияда өтеп жатыр. Онымен хат жазысып тұрсам деп едім. Мен өзімнің жазған хатыммен бірге оның маған жауап хатты жолдауы үшін ресейлік маркалары бар конвертті салып жібере аламын ба? 24 ақпан 2011, 00:00 2 721 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қалаған оқуыңа түсуге болады - Жақсы тергеуші болуды армандаймын. Ата-анам ол мамандықтың болашағы бар дейді. ҚР ІІМ жоғары және орта оқу орындарына түсудің талаптары қандай? 24 ақпан 2011, 00:00 8 878 рет қаралды
Сұрақ-жауап Төлем түбіртегі қажет - Мен Ресей азаматшасымын. Күйеуім – Қазақстан азаматы және тұрғылықты мекен-жайы бар байырғы Атырау тұрғыны. Осы уақытқа дейін біз бес айлық сәбиімізге - ол да Ресей азаматы, Жилгородоктағы уақытша тұрған баспанамыз бойынша емханадан тегін кеңес алып тұрған едік. Барлық екпелерімізді де тегін алып жүрдік. Жақында емхананың учаскелік педиатры келген кезде, осы айдан бастап жоспарлы ай сайынғы тексеруден өтіп тұру үшін маған №2 емханадан кеңес алу туралы төлем түбіртегін көрсетуім қажеттігін, барлық екпелерді енді ақылы түрде салатындығын ескертті. Мұндай өзгерістердің қандай негізде орын алғанын білгім келеді. 17 ақпан 2011, 00:00 2 621 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жер учаскесіне шектеу қойылмайды - Қызмет бабы бойынша Астанаға жиі барып тұрамын, өзім Атырауда тіркелсем де көп уақытым сол жақта өтеді. Мен Астанаға жер кезегіне тұра аламын ба? 17 ақпан 2011, 00:00 2 439 рет қаралды
Сұрақ-жауап Әр тиын санаулы - Зейнетақыны және босанғандығы бойынша берілетін жәрдемақыны есептеу кезінде екі кәсіпорыннан алынатын кіріс есептеле ме? Өйткені анам да мен секілді екі жерде жұмыс жасайды. Ол зейнеткерлікке шықпақшы, ал менің босануым жақын. 17 ақпан 2011, 00:00 2 791 рет қаралды
Сұрақ-жауап Зейнетақы көлемі жалақыға байланысты - 1993 жылы мүгедектігім (ІІ топ) бойынша зейнеткерлікке шықтым. Сол кезде менің еңбек өтілім 33 жыл құраған болатын. 2001 жылы 58 жасқа толдым. Ал 2002 жылы жасыма байланысты зейнеткерлікке шықтым. Енді зейнетақы 25-30 пайызға өскен сайын, менің төлемім 9 пайызға ғана өседі. Мен төлем орталығынан осы мәселе туралы білгім келгенде, маған егер мен 1993-1995 жылдары аз уақыт болса да жұмыс жасағанымда, менің зейнетақымды басқалардыкі сияқты көтерген болар еді деп түсіндірді. Бірақ мен ІІ топ мүгедегі болсам, қалай жұмыс істей алған болар едім? Енді не істеуім керек? Бәлкім басқалармен тең болып, ақшамды көбейту үшін мүгедектігім бойынша қайтадан зейнеткерлікке шығуым керек шығар? 17 ақпан 2011, 00:00 2 591 рет қаралды
Сұрақ-жауап Атырауда бос жер жоқ - Біз Қызылқоға және Мақат аудандарында тұрамыз. Атырау қаласының маңынан жеке тұрғын үй салуға жер алу кезегіне тұра аламыз ба? Ол үшін қандай құжаттар ұсыну керек? 17 ақпан 2011, 00:00 3 837 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жоғалған телефонды табуға бола ма? - Мен жақында ұялы телефонымды жоғалтып алдым. Оны қалалық ІІБ арқылы табуға мүмкіндік бар ма? Егер бар болса, бұл процесс қанша уақытқа созылады және ол үшін не істеу қажет? 9 ақпан 2011, 00:00 4 433 рет қаралды
Сұрақ-жауап Шәкіртақы оқу үлгеріміне байланысты - Мен гуманитарлық колледждің студентімін, 9200 теңге шәкіртақы аламын. Танысым агротехникалық колледжде оқиды, ол 12000 теңге шәкіртақы алады. Біздің оқу үлгеріміміз бірдей. Шәкіртақы көлеміндегі айырмашылық неде? 9 ақпан 2011, 00:00 3 025 рет қаралды
Сұрақ-жауап Құжатыңызды көрсетіңіз! - Біз Қызыл Балық поселкесінде тұрамыз. Жақында бізге халық санағын жүргіземіз деп бір-екі рет адамдар келді. Отбасы құрамы және кімнің қайда жұмыс жасайтындығы туралы сұрады. Содан соң біздің жеке бас куәлігіміздің, СТН-нің көшірмелерін алып, кетіп қалды. Олар өз тараптарынан ешқандай құжаттар көрсеткен жоқ. Қандай халық санағы екендігін және біздің құжаттарымыздың көшірмелерін алуға құқықтары бар ма, соны білгіміз келеді? 9 ақпан 2011, 00:00 2 658 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бастапқы техникалық тексеру бәріне міндетті - Жақында біздің жүргізушімізге мемлекеттік мекеме сатып алған жаңа көліктің техникалық тексеруден өтпегені үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Алайда менің білуімше, жаңа машиналарға техникалық тексеру тек 3 жылдан кейін ғана жүргізіледі ғой. Осы дұрыс па? 9 ақпан 2011, 00:00 2 773 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ауыл үшін Интернет арзандады - 2011 жылдың 1-ші ақпанынан бастап Интернет желісіне ұжымдық қол жеткізу қызметіне тарифтің төмендегендігі туралы естідім. Бірақ ұжымдық қол жеткізу қызметі дегеннің мағынасын түсінбедім. Бұл заңды тұлғаны білдіре ме? 9 ақпан 2011, 00:00 2 506 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жазылмаған ереже - Мен Атырау стационарларында (ақылы және тегін негізде) әлденеше рет емделдім. Қай жерде де пациенттің қолына анализдер туралы мәліметтер мен рентген және УЗИ суреттерінің сипаттамасы берілген көшірмені ғана береді. Ал суреттерді дұрыс «оқи алу» керек қой. Мәселен, қызым қолын сындырып алғанда, қалалық емхананың дәрігері рентген суретінен сызат байқамады. Ал... 9 ақпан 2011, 00:00 2 809 рет қаралды
Сұрақ-жауап Аты жоқ көше - Біздің көшеміздің атауы жоқ. Бәлкім, сондықтан да оны қалалық әкімдікте жыл сайын жол жөндеу жоспарын жасағанда ескермейтін шығар. Біз де асфальті бар жақсы жағдайда өмір сүргіміз келеді. Көшемізді қашан асфальттайды? 9 ақпан 2011, 00:00 2 656 рет қаралды
Сұрақ-жауап Су болады - Алғабас өткелі бойындағы үйлерде өткен жылдың тамыз айынан бастап су құбырына су жіберу тоқтатылған болатын. Тұрғындар әбден титықтап бітті. Су қашан беріледі? 2 ақпан 2011, 00:00 2 420 рет қаралды
Сұрақ-жауап Кез-келген банк бөлімшелерінен төлеуге болады - Бұрын Сәтбаев, 23 мекен-жайында «Облтрансгаз», «Атырау су арнасы», «Атырау-Жарық» төлемдерін қабылдайтын қосындар жұмыс істеген болатын. Осы ауданның тұрғындары, біздер үшін барлық коммуналдық төлемдерді бір жерден төлеу қолайлы еді. Кейіннен ол жерден халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Бізге жақын маңнан барлық коммуналдық қызмет төлемдерін төлеу қосынын ашып берер ме екен? Бұл біз үшін өте қолайлы болар еді. 2 ақпан 2011, 00:00 2 289 рет қаралды
Сұрақ-жауап Артық анықтаманың керегі жоқ - Мен қалалық ЖШС-тердің бірінде бір жылдан бері есепші болып жұмыс істеймін. Бүгінгі күні декреттік демалысымды рәсімдеп жатырмын. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында менен еңбекақым жөніндегі анықтама мен бұрын жұмыс істеген ЖК-дің нотариалды куәландырылған құжаттарын әкелуімді сұрады. Еңбекақы туралы анықтаманың қажет екендігін білемін, бірақ ЖК құжаттарының қажеттілігі қанша? Кез-келген кәсіпкер нотариусқа барып, ол үшін ақша төлеп жатпайды ғой?! 2 ақпан 2011, 00:00 2 470 рет қаралды
Сұрақ-жауап Артық анықтаманың керегі жоқ - Мен қалалық ЖШС-тердің бірінде бір жылдан бері есепші болып жұмыс істеймін. Бүгінгі күні декреттік демалысымды рәсімдеп жатырмын. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында менен еңбекақым жөніндегі анықтама мен бұрын жұмыс істеген ЖК-дің нотариалды куәландырылған құжаттарын әкелуімді сұрады. Еңбекақы туралы анықтаманың қажет екендігін білемін, бірақ ЖК құжаттарының қажеттілігі қанша? Кез-келген кәсіпкер нотариусқа барып, ол үшін ақша төлеп жатпайды ғой?! 2 ақпан 2011, 00:00 2 404 рет қаралды
Сұрақ-жауап 1-ші наурызға дейін үлгеріңіз - «АЖ» газетінде жарияланған шарап-арақ өнімдерін сату қызметін лицензиялау жөніндегі мақалада лицензияны бірінші рет алып отырған адамдарға қандай құжаттар ұсыну қажет екендігі жазылған еді. Ал егер менің лицензиям болса және есепке тіркелгім келсе, маған Салық департаментіне қандай құжаттар ұсынуым керек? 26 қаңтар 2011, 00:00 2 413 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жұмыс орыныңызда да тіркелуге болады - Өткен жылы мен өз үйімді сатып, тіркелген мекен-жай есебінен шығып қалдым. Ал, биылғы жылы маған жеке куәлігімді міндетті түрде ауыстыруыма тура келіп отыр. Оның бәрі аса қиын шаруа болмағанымен, куәлікті алу үшін мекен-жайға тіркелуім тиіс. Мен қазір қалада шағын бір тұрғын алаңын жалға алып отырмын, алайда, тұрып жатқан үйіме немесе басқа бір мекен-жайларға тіркелу мүмкіндігім жоқ. Ондайда қалай істегенім жөн? 26 қаңтар 2011, 00:00 2 634 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мүлік иесі төлеуге тиісті - 2005 жылы менің күйеуім машинасын бас сенім хат арқылы сатқан еді. 2010 жылы біз жаңа машина сатып алдық. Ол үшін салықты да төледік. Сол кезде бізге ескі машинаның салығына қатысты қарыздардың бар екендігі туралы айтпады. Енді келіп жақында біздің қарызымыздың бар екендігі анықталды. Біздің машинамыздың жаңа қожайыны 2006 жылғы қуаттылық салығын төлемеген болып шықты. Сол кезде машина күйеуімнің атағында болатын, сондықтан да қарыз соның атына жазылады ғой. Осыған байланысты мынадай сауал туындап отыр- неліктен бізге қарыздарымыздың бар екендігі туралы сол өткен жылдар ішінде немесе біз жаңа көлік сатып алған 2010 жылы хабарламаған? 19 қаңтар 2011, 00:00 2 363 рет қаралды
Сұрақ-жауап Алаңсыз жүре беруге болады! - Қауіпсіздік белбеулері мен ксенонды фарлардан кейін жол полицейлері жолсызбен жүретін автокөліктердің алдыңғы бамперлерін қорғау үшін ілмелі құрал-жабдықтарды тексерумен айналыса бастады дегенді естідім. Бұл құрал автокөлікті сақтайды, алайда көлік апаттары орын алған кездерде басқа көлікке келтіретін шығыны ондай құралсыз көліктермен болған жол апатындағы шығындардан едәуір көп болады. Бұл ілмелі құралдарға тыйым салынған ба? 19 қаңтар 2011, 00:00 2 655 рет қаралды
Сұрақ-жауап Дұрыс фарлар - Туберкулезге қарсы аурухана бағытындағы жолда теміржол өткеліне 20 метрдей қашықтық қалғанда мені жол полициясының қызметкері тоқтатып, жақын қашықтыққа арналған фарды жақпағаным үшін 7 мың теңге айыппұл салды. Олардың бұл әрекеті қаншалықты заңды? Және қала шекарасы қай жерде аяқталады және ол қай құжатта көрсетілген? 19 қаңтар 2011, 00:00 2 926 рет қаралды
Сұрақ-жауап Оқуға қайда баруға болады? Оқуға қайда баруға болады? - 9-шы және 11-ші сыныптардан кейін қандай әскери оқу орындарына баруға болады? Телефон арқылы 19 қаңтар 2011, 00:00 28 060 рет қаралды
Сұрақ-жауап Зейнетақыны қалай аламыз? - Мен зейнетақы алатын №11 пошта бөлімшесінде жұмыс істемей қалатын компьютерлердің кесірінен ұзақ-сонар кезек жиі болып қалады, сол себептен де мен қаланың орталығынан, Абай көшесіндегі пошта бөлімшесінен алып жүрмін. Онда 8 касса жұмыс жасайды, кезек дегеніңіз тез жүреді. Осыдан екі ай бұрын неге екені белгісіз зейнетақыны тіркелген мекен-жай бойынша бере бастады. Енді мені Абай көшесіндегі бөлімшеден №11 бөлімшеден алуға тиіссіз деп жұмсайды. Ондай ереже қайдан шықты? 12 қаңтар 2011, 00:00 2 916 рет қаралды
Сұрақ-жауап Лицензиялық алым мекен-жай бойынша төленеді - Адвокаттық немесе нотариалдық қызметпен айналысу құқығына лицензия алымын тек мекен-жай бойынша төлеу міндетті ме? 12 қаңтар 2011, 00:00 3 163 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сессия кезінде ауыса алады - Менің сіңлім агроколледждің 1-ші курсында оқиды. Оқуының ақшасының 50 пайызынан көбін төлеп тастадық. Қазір ол сәбиін күтіп жүр, шілдеде босануы керек. Топ жетекшісі оған бірінші семестрден кейін академиялық демалыс алсын деп отыр. Өйткені оқу жылының ортасында сырттай оқу бөліміне ауысуға рұқсат етілмейді екен. Оның жүктілігі сабағына әсер етіп жүрген жоқ, сессиясы маусым айында аяқталады. Әр жеке мекеменің өзінің ішкі ережелері бар екенін түсінеміз, алайда мемлекет оның қызметін неліктен реттемейді және осындай мәселелерді неге шешпейді? 12 қаңтар 2011, 00:00 2 952 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сылақ ұзаққа бармады - Біз СМП-163-тегі 2009 жылы 6 қаңтарда берілген жаңа үйде тұрамыз. Жақында үйіміздің сыртқы бетінің сылағы түсіп қалды. Ал үйдің алдындағы көше жарығы өшіп, подъездің алдынан түк те көрінбейді. Теміржол дистанциясының электрмен қамту диспетчерлері «Атырау-Жарық» АҚ-на сілтейді. Ал ол жердегілер электр желілері иесіз деп, қалалық әкімдікке сілтейді. Қайда хабарласқан жөн? 22 желтоқсан 2010, 00:00 3 409 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қар емес, мұз үгіндісі - Бейсенбі күні Мұз сарайына облыстық «Бейбарыс» хоккей командасының қарағандылық «Сарыағаш» командасымен матчын тамашалауға барған едік. Қалада жерге тамған бір қар жоқ, ал спорт кешенінен нағыз күртік қарды көргенде сүйсініп қалдық. Бұл не екен? 22 желтоқсан 2010, 00:00 2 940 рет қаралды
Сұрақ-жауап Өз әкеңнен артық болса - Мен әкемнің атын өзгерткім келеді. Өйткені, менің биологиялық әкем анамызбен екеумізді өміріміздің қиын кезеңінде тастап кетті. Мен оны мені өсірген, барлығына көмектесіп, мен үшін нағыз жақыныма айналған адамның атына ауыстырғым келеді. 22 желтоқсан 2010, 00:00 2 810 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сенімхатты ешкім де жойған жоқ - Мен қызыммен алыс шетелге демалып қайтқым келген. Баланың әкесі баланы алып шығуға сенімхат беруге тиіс болғандықтан, біз нотариусқа жүгінген едік. Мұндай сенімхатты бұрын да толтырып жүргенбіз, ол 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге берілетін, бағасы 500-1000 теңге аралығында. Яғни бір сенімхатты бірнеше жыл пайдалануға болатын еді. Алайда бұл жолы нотариус қазір олардың мұндай сенімхат жасамайтынын, белгілі бір мерзімге және белгілі бір елге өтінішті рәсімдейтінін айтты. Ол біздің қайда және қандай мерзімге баратынымызды нақтылап алды да, осы мерзімге өтінішімізді рәсімдеп берді. Бұл қызмет үшін 1200 теңге алды. Шынымен де өзгерістер болған ба және ол неге байланысты? 22 желтоқсан 2010, 00:00 3 784 рет қаралды