Атырау, 5 қазан 13:43
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Хат жазыңыздар

2 540 просмотра

- Мен Ресей Федерациясының аумағында тұрамын.  Менің жұбайым сотталып, қазір жазасын Атыраудағы жалпы режимдегі колонияда өтеп жатыр.   Онымен хат жазысып тұрсам деп едім. Мен өзімнің жазған хатыммен бірге оның маған жауап хатты жолдауы үшін ресейлік маркалары бар конвертті салып жібере аламын ба?

«Қазпошта» АҚ Атырау филиалының пошта бөлімінің бастығы Любовь НАЗАРУКтүсінік берді:

-Мұндай хатты біз жолдауға қабылдай алмаймыз. Қазақстаннан хаттарды жіберу үшін конвертте міндетті түрде қазақстандық пошта маркалары болуы керек.

Мұндайда оған халықаралық пошталық алмасу картасын қолдануына болады.  Бұл жауаптар ақысы төленген халықаралық коммерциялық корреспонденциялар мен халықаралық жауап купондарының қызметі. Ақысы төленген халықаралық коммерциялық корреспонденциялар- бұл жақын және алыс шетелдерде тұратындардың корреспонденттеріне алдын ала жауаптарының ақысын төлеуге мүмкіндік беретін арнаулы конверт. Ал, халықаралық жауап купоны-бұл Қазақстан Республикасына әлемнің кез-келген елінен және сол елдерге кері салмағы 20 грамға дейінгі әуе хаттарын жолдау ақысын төлеу тәсілдерінің бірі.

Сондай-ақ, Атырау  облысы қылмыстық- түзету жүйесі департаментінде бізге егер сотталушы сыртқа, яғни, «бостандыққа»  хат жолдайтын болса, онда ол хатты алдымен өзі жазасын өтеп жатқан мекеменің арнаулы бөлімшесіне жолдауы керектігін айтты. Сол жерде корреспонденцияларды жіберу мәселесі шешілетін болады.

24 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.