- Туберкулезге қарсы аурухана бағытындағы жолда теміржол өткеліне 20 метрдей қашықтық қалғанда мені жол полициясының қызметкері тоқтатып, жақын қашықтыққа арналған фарды жақпағаным үшін 7 мың теңге айыппұл салды. Олардың бұл әрекеті қаншалықты заңды? Және қала шекарасы қай жерде аяқталады және ол қай құжатта көрсетілген?
Телефон арқылы
Сауалға ІІД ЖПБ батальонының командирі Мералы БАЙМҰХАНОВ жауап береді: «Жақын қашықтыққа арналған фарсыз жүріп келе жатқан көлікке тағылатын айыппұл, Әкімшілік кодексінің 464-бабы, 1-бөліміне сәйкесті 5 АЕК көлемін құрайды. Қала шекарасы Ақтөбе-Астрахан жолының 612 шақырымында, бірден «Атырау» сәулеттік белгісінен кейін аяқталады. Демек, жол полициясы қызметкерінің әрекеті заңды».