- Бауырымның сол жақ қолының бас бармағы және төртінші саусағының жартысы жоқ. Оған ең болмағанда ІІІ топ мүгедектігін тағайындауға бола ма?
Телефон арқылы
Басқарма бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВТІҢ айтуынша, сізге Махамбет көшесі, 118 «б» ғимаратында орналасқан Атырау облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаментіне хабарласу қажет. Телефоны 35-56-22. Сіз осы департаменттегі сарапшы дәрігердің қабылдауына жазылуыңыз керек. Консультацияға келу үшін мекен-жайыңыз бойынша емханадан дәрігер-хирургтан жолдама алуды ұмытпаңыз.