- Қауіпсіздік белбеулері мен ксенонды фарлардан кейін жол полицейлері жолсызбен жүретін автокөліктердің алдыңғы бамперлерін қорғау үшін ілмелі құрал-жабдықтарды тексерумен айналыса бастады дегенді естідім. Бұл құрал автокөлікті сақтайды, алайда көлік апаттары орын алған кездерде басқа көлікке келтіретін шығыны ондай құралсыз көліктермен болған жол апатындағы шығындардан едәуір көп болады. Бұл ілмелі құралдарға тыйым салынған ба?
Телефон арқылы
Сауалға Атырау облысы ІІД ЖПБ жол-техникалық қадағалау бөлімінің маманы Роман ПИВОВАРОВ жауап береді. Оның айтуынша, ілмелі қондырғыға қатысты ешқандай бұйрық болмаған, джиптерге ілмелі қондырғаларымен алаңсыз жүре берулеріне болады.