- Біздің көшеміздің атауы жоқ. Бәлкім, сондықтан да оны қалалық әкімдікте жыл сайын жол жөндеу жоспарын жасағанда ескермейтін шығар. Біз де асфальті бар жақсы жағдайда өмір сүргіміз келеді. Көшемізді қашан асфальттайды?
Қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВТІҢ айтуынша, Атырау мөлтек ауданындағы ерік Мостовойдың бойындағы Тракторная, ағайынды Шауденовтер көшесінің аумағынан №29-шы көшеге дейінгі жолды асфальттау туралы тұрғындар өтініші 2011 жылдың қалалық шаруашылық жоспарын нақтылау кезінде ескерілетін болады.