Атырау, 26 желтоқсан 00:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

1-ші наурызға дейін үлгеріңіз

2 315 просмотра

- «АЖ» газетінде жарияланған шарап-арақ өнімдерін сату қызметін лицензиялау жөніндегі мақалада лицензияны бірінші рет алып отырған адамдарға қандай құжаттар ұсыну қажет екендігі жазылған еді. Ал егер менің лицензиям болса және есепке тіркелгім келсе, маған Салық департаментіне қандай құжаттар ұсынуым керек?

Атырау облыстық Салық департаментінің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бастығы Батырбек ЮСУПОВТЫҢ айтуынша, тіркеу кәртішкесін алу үшін мынадай құжаттар ұсыну қажет: салық өтініші (№24 жалғама), қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның түпнұсқасы мен көшірмесі, меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі немесе жалға алу келісім-шарты. Бұл құжаттарды 1 наурызға дейін ұсыну керек. Бұдан басқа, бағдарламалық қамтумен электронды түрде ұсынылатын этиль спирті мен алкоголь өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттары енгізіледі. Осыған байланысты тіркеу кәртішкесімен қатар электронды кілтті де алу керек.

26 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.