- Зейнетақыны және босанғандығы бойынша берілетін жәрдемақыны есептеу кезінде екі кәсіпорыннан алынатын кіріс есептеле ме? Өйткені анам да мен секілді екі жерде жұмыс жасайды. Ол зейнеткерлікке шықпақшы, ал менің босануым жақын.
Телефон арқылы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Атырау облыстық департаменті директорының орынбасары Мәншүк ЛЕПЕСОВАНЫҢ айтуынша, егер әйелдер еңбек етіп жатқан кәсіпорындар зейнетақы қорына және әлеуметтік сақтандыру қорына тиесілі ақшаны дұрыс аударып отырса , зейнеткерлікке шығу үшін және жәрдемақы алу үшін құжаттар жинау кезінде түрлі жұмыс берушілерден алынған құжаттарды да тіркеуге болады. Осылайша, ақшалай төлемдерді есептеу кезінде жалпы кіріс есептеледі.