Атырау, 23 сәуір 17:24
Түнде бұлыңғыр болады+9, таңертең +15
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 377.11  € 424.21  P 5.91

Артық анықтаманың керегі жоқ

2 ақпан 2011 00:00

- Мен қалалық ЖШС-тердің бірінде бір жылдан бері есепші болып жұмыс істеймін. Бүгінгі күні декреттік демалысымды рәсімдеп жатырмын.  Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында менен еңбекақым жөніндегі анықтама  мен бұрын жұмыс істеген ЖК-дің нотариалды куәландырылған құжаттарын әкелуімді сұрады. Еңбекақы туралы анықтаманың қажет екендігін білемін, бірақ ЖК құжаттарының қажеттілігі қанша? Кез-келген кәсіпкер нотариусқа барып, ол үшін ақша төлеп жатпайды ғой?!

Телефон арқылы

«Босануына байланысты жәрдемақыны төлеу және оған құжаттарды рәсімдеу үшін тек еңбекақы туралы анықтама ғана сұралады. ЖК-дің нотариалды куәландырылған құжаттары егер сол әйелдің өзі жеке кәсіпкер болып табылса және  өзіне ақша бөлетін болса ғана талап етілуі мүмкін»,-дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Атырау облысы бойынша департаменті директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Мәншүк ЛЕПЕСОВА.

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1328 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3 4 5