Атырау, 13 қыркүйек 13:15
 дождьВ Атырау +22.9
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

Сылақ ұзаққа бармады

3 672 рет қаралды

- Біз СМП-163-тегі 2009 жылы 6 қаңтарда берілген жаңа үйде тұрамыз. Жақында үйіміздің сыртқы бетінің сылағы түсіп қалды. Ал үйдің алдындағы көше жарығы өшіп,  подъездің алдынан түк те көрінбейді. Теміржол дистанциясының электрмен  қамту диспетчерлері «Атырау-Жарық» АҚ-на сілтейді. Ал ол жердегілер электр желілері иесіз деп, қалалық әкімдікке сілтейді. Қайда хабарласқан жөн?

Т. Шакиров

Қала әкімінің орынбасары Киікбай ЖАУЛИННІҢбіздің сауалымызға берген жазбаша жауабында, СМП-163 мөлтек ауданындағы көше жарығының ақауы жойылған, алайда үйдің  құлаған сылақтарын ретке келтіру бойынша үйге қызмет көрсететін ПИК басшылығына хабарласу қажет делінген. Бюджет жобаларының мердігерлері – құрылыс компанияларының кепілдік міндеттемелері туралы хатта бір ауыз сөз айтылмаған.

22 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.