Атырау, 26 желтоқсан 12:37
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Жалған куәлік етсе…

2 789 просмотра

- Менің пікірімше, мүгедек болуыма себеп болған адамды сотқа бердім. Ол алқа билер қатысатын сотты таңдады. Мен оның шешіміне наразылық білдіре аламын ба? Егер куәгер болған адамның сотта шындықты айтпағаны анықталатын болса, оның жазасы қандай екенін білгім келеді?

Ұзақбай

Сұраққа Атырау облыстық сотының судьясы Тәтті УӘЛИЕВА жауап берді:  

Қылмыстық-іс жүргізу заңнамасына сәйкес, сіз айыпталушының алқа билерді таңдау шешіміне наразылық білдіре алмайсыз. Сотта жалған куәгерлік еткені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Жаза 100-ден 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі немесе екі еңбекақы мөлшеріндегі айыппұл түрінде болуы мүмкін. Жалған куәгер қоғамдық немесе түзету жұмыстарына тартылуы мүмкін. Басқа жағдайларда бір жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Егер куәгер әлдебір тұлғаны сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаған болса және бұл айыптаудың жалған екендігі анықталса, онда куәгер 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айырылу жазасымен жазалануы мүмкін. Жалған куәлік еткенін сот үкім шығарғанға дейін өз еркімен мойындаса, куәгерді қылмыстық жауапкершіліктен босатады.

2 наурыз 2011, 23:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.