Атырау, 4 ақпан 13:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55

​Атырау облысының жұмыс берушілері Еңбек кодексін бұзғаны үшін жауапқа тартылды

102 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Исатай ауданының прокуратурасы жеті кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасамай, еңбек қызметін жүзеге асырғанын анықтады.

Нәтижесінде жұмыс берушілер тарапынан бұзылған құрылыс және денсаулық сақтау салаларында еңбек ететін 45 жұмысшының құқығы қорғалды. Аталған дерек ҚР Конституциясының 24-бабына, сондай-ақ Еңбек кодексінің талаптарына қайшы келеді.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде кінәлі тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта 45 жұмысшы міндетті сақтандырумен қамтамасыз етілді.

Бүгін, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.