- Бұрын Сәтбаев, 23 мекен-жайында «Облтрансгаз», «Атырау су арнасы», «Атырау-Жарық» төлемдерін қабылдайтын қосындар жұмыс істеген болатын. Осы ауданның тұрғындары, біздер үшін барлық коммуналдық төлемдерді бір жерден төлеу қолайлы еді. Кейіннен ол жерден халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Бізге жақын маңнан барлық коммуналдық қызмет төлемдерін төлеу қосынын ашып берер ме екен? Бұл біз үшін өте қолайлы болар еді.
Сабыржан САҒЫНҒАЛИЕВ
«Облтрансгаздың» жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманы Мұрат АУДАНОВТЫҢайтуынша, газ төлемдерін қабылдау қосындары Алмагүл мөлтек ауданындағы №3 үйде, Балықшыда жаңа халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында орналасқан және газ үшін төлемдерді Ұлттық банктен басқа барлық екінші деңгейлі банктердің бөлімшелерінен төлеуге болады. Қаланың еуропалық бөлігіне қатысты мынаны айтуға болады, қазір Сәтбаев, 13 мекен-жайы бойынша төлемдер қабылдау қосындары ашу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. «Келісімге қол жеткізген жағдайда біз қосынның ашылуы туралы хабарлайтын боламыз»,-дейді Марат Ауданов.
«Атырау су арнасы» КМК абоненттік бөлімінің бастығы Гүлсім ДҮЙСІПОВАНЫҢайтуынша, жақын маңда орналасқан су төлемдерін қабылдау бөлімшелері мына мекен-жайда: Авангард-3 мөлтек ауданы, №35 үйде орналасқан. Әзірге КМК Сәтбаев даңғылы бойынан төлемдерді қабылдау қосындарын ашуды жоспарлап отырған жоқ. «Атырау-Жарық» АҚ абоненттік бөлімінде бізге төлемдерді барлық екінші деңгейлі банктер бөлімшелерінде қабылданатындығын хабарлады. Сондай-ақ, «Қазпошта» бөлімшерінде де қабылданады. Оның оларға таяу қосындары Авангард-2 мөлтек ауданы, №5 үйде орналасқан.