Атырау, 4 ақпан 13:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55

Атырауда полицейге «Құрамысов ісі» бойынша қатаң сөгіс берілді

122 рет қаралды
Ильяс Құрамысов
Ильяс Құрамысов

Полиция инспекторы арандатушылық пен заң бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Еске салсақ, өткен жылдың желтоқсанында «Ембімұнайгаз» АҚ-ның коммерциялық мәселелер жөніндегі бас директорының орынбасары Ильяс Құрамысов мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалып, жүргізуші куәлігінен айырылған еді. Апелляциялық сотта оның полиция қызметкерлерінің арандатуы мен заңсыз әрекеттері салдарынан амалсыздан көлік тізгініне отырғаны дәлелденді.

Бұл жағдай сот шешімдеріне әсер етпей, өзгеріссіз қалды. Дегенмен облыстық сот Атырау облысы полиция департаменті басшылығына тиісті шара алу үшін жеке қаулы шығарды.

Заң бойынша департамент бір ай ішінде соттың жеке қаулысына шара қолдануы тиіс. «Ақ Жайық» редакциясына Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрайымы Тәтті Уәлиева хабарлағандай, қызметтік міндетіне салғырт қарағаны және заң бұзушылықтарға жол бергені үшін патрульдік полиция батальонының инспекторына қатаң сөгіс берілді. Ал батальон басшысына анықталған кемшіліктерді жою және түзету бойынша шара қабылдау тапсырылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Құрамысовтың адвокаты Тілек Хамитов істі қайта қарау үшін Қазақстан Республикасының кассациялық сотына шағым түсірді.

Лев ГУЗИКОВ

Бүгін, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.