Атырау, 26 желтоқсан 00:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Сенімхатты ешкім де жойған жоқ

3 673 просмотра

- Мен қызыммен алыс шетелге демалып қайтқым келген. Баланың әкесі баланы алып шығуға сенімхат беруге тиіс болғандықтан, біз нотариусқа жүгінген едік. Мұндай сенімхатты бұрын да толтырып жүргенбіз, ол 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге берілетін, бағасы 500-1000 теңге аралығында. Яғни бір сенімхатты бірнеше жыл пайдалануға болатын еді. Алайда бұл жолы нотариус қазір олардың мұндай сенімхат жасамайтынын, белгілі бір мерзімге және белгілі бір елге өтінішті рәсімдейтінін айтты. Ол біздің қайда және қандай мерзімге баратынымызды нақтылап алды да, осы мерзімге өтінішімізді рәсімдеп берді. Бұл қызмет үшін 1200 теңге алды. Шынымен де өзгерістер болған ба және ол неге байланысты?

Ли, Атырау қаласы

Түсінік алу үшін Атырау облыстық нотариалдық палатасының төрайымы Гүлнар МАСАТОВАҒА хабарластық. Оның айтуынша, нотариатта ешқандай өзгерістер болмаған. «Сенімхатты, соның ішінде баланы алып жүру жөніндегі сенімхатты ешкім де  жойған жоқ. Оның үстіне, егер әңгіме қысқа мерзімді сапарға шығу жөнінде болса. Кейде, клиенттердің қалауы бойынша, сенімхат емес, өтінішті рәсімдейміз, өйткені кейбір консульдықтар осындай құжатты талап етеді».

Сол кезде біз өтінішті рәсімдеген нотариус Динагүл СЕЙТАЛИЕВАҒА хабарласқан едік. Алайда біздің сұрағымызды тыңдаған ол түсінік беруден бас тартты.

22 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.