- Әлеуметтік жеке кодты қайтадан алуға бола ма? Ол қанша тұрады және оның дайындалу мерзімі қандай?
Телефон арқылы
Сауалға Мемлекеттік зейнетақы және жәрдемақы төлеу орталығының Атырау филиалы директорының орынбасары Алмагүл ШАТЕНОВА жауап береді: «МЗЖТО-да сізге ӘЖК-ның дубликатын бере алады. Құжатты алу үшін екінші деңгейлі банктердің бөлімшелеріне немесе «Қазпошта» АҚ бөлімшелеріне 165 теңге көлеміндегі мемлекеттік бас салығын төлеу керек. Кейін жеке бас куәлігімен және түбіртекпен бірге МЗЖТО-на бару керек. Дубликат сіздің өтінішіңіз түскен күннің ертесіне-ақ рәсімделіп, берілетін болады».