- 2005 жылы менің күйеуім машинасын бас сенім хат арқылы сатқан еді. 2010 жылы біз жаңа машина сатып алдық. Ол үшін салықты да төледік. Сол кезде бізге ескі машинаның салығына қатысты қарыздардың бар екендігі туралы айтпады. Енді келіп жақында біздің қарызымыздың бар екендігі анықталды. Біздің машинамыздың жаңа қожайыны 2006 жылғы қуаттылық салығын төлемеген болып шықты. Сол кезде машина күйеуімнің атағында болатын, сондықтан да қарыз соның атына жазылады ғой. Осыған байланысты мынадай сауал туындап отыр- неліктен бізге қарыздарымыздың бар екендігі туралы сол өткен жылдар ішінде немесе біз жаңа көлік сатып алған 2010 жылы хабарламаған?
Телефон арқылы
Атырау облысы бойынша салық комитетінің өндірістік емес төлемдер және өкілетті органдармен жұмыс басқармасындабізге түсінік бергеніндей, салық кодексіне сәйкесті, транспорт құралдарына салық төлеуші болып сол мүлікке меншік құқығы бар жеке тұлға болып табылады. Осыған байланысты бас сенім хат арқылы басқа бір тұлғаға берілген автокөлік 2006 жылы бұрынғы иесінің меншігінде болып есептеледі де соған сәйкесті салық оның атына есептелетін болады. Мұндай жағдайлар жиі орын алып тұрады, сондықтанда машинаны бас сенім хат арқылы сатқаннан гөрі сатып алу-сату шартын рәсімдеген дұрыс. Салық төлеу туралы хабардар ету мәселесіне келетін болсақ, оны жіберумен салық комитеті айналысады. Сіз 2006 жылы хабарлама алып, салықты төлеуге тиістісіз, кей жағдайда салық комитетінен тексеріп, салыстырып отыруыңызға болады. Қандай жағдайда да салықты мүліктің ресми иесі болып табылатын жеке тұлғалар төлейді.