- Жақында біздің жүргізушімізге мемлекеттік мекеме сатып алған жаңа көліктің техникалық тексеруден өтпегені үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Алайда менің білуімше, жаңа машиналарға техникалық тексеру тек 3 жылдан кейін ғана жүргізіледі ғой. Осы дұрыс па?
- Жол полициясы қызметкерлерінің әрекеттері заңды, - дейді Атырау облыстық ІІД ЖПБ жол-техникалық қадағалау бөлімінің бастығы Махамбет ТӨЛЕМІСОВ. Жаңа машина алған кезде, техникалық төлқұжатты рәсімдеу кезінде оның қожайыны сәйкестік сертификатын ұсынып, бастапқы техникалық тексеруден өтеді. Бұдан кейін оған техникалық тексеруден өту талоны беріледі. Ол үш жылға жарамды. Ал келесі техникалық тексеруден 36 айдан кейін өтеді.