Атырау, 26 желтоқсан 12:37
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Көп балалы отбасылар үшін 6 мың теңге

2 472 просмотра

- Менің төрт балам бар, олардың үлкені бірінші некеден болса, үшеуі екінші некеде дүниеге келді. Екінші күйеуіммен мен некеге отырмағаныммен балаларымның тегі соның атына жазылған. Мен алимент алу жөнінде шағымданғанмын, алайда, күйеуім төлемей отыр. Мен мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына көмек сұрап барғанымда ондағылар маған күйеуімнің алиментті төлемей отырғандығы жөнінде анықтама алып келуімді сұрады. Бүгінгі күні мен жұмыста жоқпын, ең кіші баламмен үйде отырмын, ол бір жасқа тола қойған жоқ. Маған мемлекет тарапынан қандай ма бір көмектер тиесілі ме?

Телефон арқылы

Мемлекеттік зейнетақы және жәрдемақы төлеу орталығының Атырау филиалы директорының орынбасары  Алмагүл ШАТЕНОВАНЫҢайтуынша, егер баланың үлкенінің жасы 18-ге толмаған болса, онда отбасының көп балалы, яғни, 4 немесе одан да көп балалы отбастарына тиісті берілетін жәрдемақысын алуына құқығы бар. Ал, егер отбасының үлкені оқу орнының күндізгі бөліміне оқуға түсетін болса, онда жәрдемақы 23 жасқа дейін төленетін болады. Ай сайынғы жәрдемақы 6006 теңгені құрайды. Жәрдемақыны алу үшін мынадай құжаттар қажет: жеке бас куәлігі, ӘЖК, СТН, баланың туу туралы куәлігі, үй кітапшасы және банктегі есепшот нөмірі. Бұдан басқа, ол әйел бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты жәрдемақыны да алуға құқылы.

2 наурыз 2011, 23:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.