Атырау, 23 сәуір 23:29
 ашықВ Атырау +22
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Қар емес, мұз үгіндісі

2 737 просмотра

- Бейсенбі күні Мұз сарайына облыстық «Бейбарыс» хоккей командасының қарағандылық «Сарыағаш» командасымен матчын тамашалауға барған едік. Қалада жерге тамған бір қар жоқ, ал спорт кешенінен нағыз күртік қарды көргенде сүйсініп қалдық. Бұл не екен?

Гүлнар, Атырау қаласы

Мұз сарайын балансына алған  «Атырау» ДСК директоры Жалғас ӨТЕБАЛИЕВТІҢ айтуынша, бұл қар емес, коньки тепкен кезде пайда болатын мұз үгінділері екен. Арнайы машина күніне үш рет «ұнтақтарды» тазалап, бункерге жинақтайды. Қазір бұл «қоқысты» Мұз сарайының алдыңғы жағында орналасқан гүлзарлар мен ағаштардың тамырларын жылыту үшін қажетке жаратпақшы. Осылайша олар алдағы аяздардан қорғалмақ. Ауланған балықты сақтау үшін мұз қажет болатын балық аулау кооперативтеріне қалалықтар мәнерлеп сырғанағаннан кейін түзілетін қалдықтарды шектеусіз мөлшерде ұсынуға болады. Мұз сарайы шаруашылық есебінде жұмыс істейді.

22 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.