Атырау, 26 желтоқсан 00:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Зейнетақыны қалай аламыз?

2 816 просмотра

- Мен зейнетақы алатын №11 пошта бөлімшесінде жұмыс істемей қалатын компьютерлердің кесірінен ұзақ-сонар кезек жиі болып қалады, сол себептен де мен қаланың орталығынан, Абай көшесіндегі пошта бөлімшесінен алып жүрмін. Онда 8 касса жұмыс жасайды, кезек дегеніңіз тез жүреді. Осыдан екі ай бұрын неге екені белгісіз зейнетақыны тіркелген мекен-жай бойынша бере бастады. Енді мені Абай көшесіндегі бөлімшеден №11 бөлімшеден алуға тиіссіз деп жұмсайды. Ондай ереже қайдан шықты? 

Телефон арқылы

«Қазпошта» АҚ-ның қалалық байланыс бөлімшелерінің көпшілігі жалға алынған мекен-жайларда отыр. Барлық қалалық зейнеткерлер аумақтық белгілері бойынша тиісінше қалалық байланыс бөлімшелеріне тізім бойынша бөлініп берілген. Барлық қалалық байланыс бөлімшелерінде барлық зейнеткерлердің тізімі бар. Олардың ішінде зейнетақылар үйлеріне жетікізіліп берілетіндер де, жеке есеп шот арқылы алатындар да бар. Осы тізімге сәйкесті қалалық байланыс бөлімшелеріне ақша түседі. Абай көшесіндегі орналасқан жедел басқару орталығына зейнеткерлер бекітілмеген және оның үстіне бұл орталықтан зейнетақы беру қарастырылмаған.  

Орталықта қаржы және агенттік, пошта қызметтері көрсетіледі. Бұрын зейнеткерлер өздерінің ғана емес, басқа да бөлімшелерден ала алатын еді. Қызмет көрсету нормасы бойынша бір қалалық бөлімшеге 10 мың адамнан келуі тиіс, алайда, біздің Атырауда мекен-жайлардың жетіспеушілігі салдарынан бір бөлімшеге 25-28 адамнан келеді. Және кейде осы адамдардың үстіне басқа учаскелердің зейнеткерлері қосылған кездерде жұмыс көбейіп, сол бөлімше клиенттерінің наразылығын тудырады. «Бір кездері №5 қалалық байланыс бөлімшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сол учаскенің зейнеткерлеріне осы жедел басқару орталығынан берген болатынбыз. Кейін осы орталыққа тағы да басқа учаскенің зейнеткерлері қосылған болатын. Қазір бөлімшеде жөндеу жұмысы аяқталды, барлық клиенттер өз бөлімшелеріне оралды»,-дейді «Қазпошта» АҚ Атырау филиалы директорының орынбасары Толқын ДАУОВА.   Ал, «Қазпошта» әрбір зейнеткер өзі тұратын мекен-жайы бойынша алуға тиісті деген ережені енгізді.

12 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.