- Адвокаттық немесе нотариалдық қызметпен айналысу құқығына лицензия алымын тек мекен-жай бойынша төлеу міндетті ме?
Телефон арқылы
Бұл сұраққа Атырау облыстық әділет департаментінің халыққа құқықтық көмек көрсету және құқықты түсіндіру жұмыстары бөлімінің қызметкерлері жауап берді: «Соңғы кездері азаматтар адвокаттық немесе нотариалдық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымды мекен-жайлары бойынша төлемейтін жағдайлар жиіліп кеткен.
ҚР бас прокуратурасының түсіндірмесіне сәйкес, аталмыш қызмет түрі үшін лицензиялық алымды төлеушінің мекен-жайы бойынша төлемеу ҚР бюджеттік және салық заңнамасының талаптарын бұзу боп табылады.
ҚР Салық кодексінің 472 бабының 1-тармағына сәйкес, лицензиялық алым сомасы бюджетке алым төлеушінің мекен-жайы бойынша төленеді.
Егер тұлға мекен-жайын өзгерткен болса, онда кодекстің 563-бабына сәйкес, мекен-жайы бойынша салық органына тіркеу мәліметіне өзгерістер енгізу үшін салық өтінішін өзі бере алады. Оған салық төлеушінің мекен-жайының өзгергенін растайтын құжаттардың түпнұсқасын көрсетіп, көшірмелерін тіркеу керек.
Баяндалған жағдайға байланысты, ҚР Бюджет Кодексінің талаптарын, сондай-ақ ҚР бас прокуратурасының түсіндірмесін ескере отырып, лицензиаттардың назарын лицензиялық алым сомасын салық төлеуші ретінде тіркелген салық органдарына төлеу қажеттігіне аудартқымыз келеді».