Атырау, 5 желтоқсан 08:25
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Жұмыс орыныңызда да тіркелуге болады

2 628 рет қаралды

- Өткен жылы мен өз үйімді сатып, тіркелген мекен-жай есебінен шығып қалдым. Ал, биылғы жылы маған жеке куәлігімді міндетті түрде ауыстыруыма тура келіп отыр. Оның бәрі аса қиын шаруа болмағанымен, куәлікті алу үшін мекен-жайға тіркелуім тиіс. Мен қазір қалада шағын бір тұрғын алаңын жалға алып отырмын, алайда, тұрып жатқан үйіме немесе басқа бір мекен-жайларға тіркелу мүмкіндігім жоқ. Ондайда қалай істегенім жөн?

Атырау қаласы Әділет басқармасының бастығы Сағымбай ТҰРҒАРИННІҢ айтуынша, тұрақты мекен-жай есебіне тіркелмеген жағдайда жеке басты куәландыратын құжаттар уақытша тұрып жатқан мекен-жай бойынша беріледі. Бұл пәтер ғана емес, саяжайдағы құрылыс, жатақхана, қонақ үй, демалыс үйі, аурухана немесе тіпті, сіздің жұмыс орыныңыз да болып табылады. Мекен-жайға тіркелу үшін сізге міндетті түрде қалалық әділет басқармасына жолығуыңыз керек. Тіркеуге өзіңіз көрсеткен жер бойынша алады.

26 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.