Атырау, 31 қазан 12:53
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Оқуға қайда баруға болады?

27 617 просмотра

- 9-шы және 11-ші сыныптардан кейін қандай әскери оқу орындарына баруға болады?

Телефон арқылы

Сауалға Атырау облыстық білім беру басқармасының Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру жөніндегі бас маманы Ерболат ДӘУЛЕТҚАЗИЕВ жауап береді: «9-шы сыныптан кейін оқуға түсетін бір ғана оқу орны бар, ол Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернат. Кадет корпусында және басқа екі республикалық әскери мектеп-интернаттарға 9-шы сыныптан кейін қабылдау тоқтатылды. Сондай-ақ, 5-ші сыныптан бастап Астанадағы Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектеп-интернатқа түсуге болады. Оқуға түсу барысында түлектер әңгімелесуден өтіп, физикалық дайындығы бойынша сынақтан өтеді, география мен математика пәндерінен емтихан тапсырады. Ал, «Жас ұланда» тіл пәндері (орыс немесе қазақ) және математикадан тапсырады. Алайда, мектеп түлектері үшін ең қиыны дәрігерлік комиссиядан өту, өйткені, біздің балаларымыздың денсаулықтары нашар». Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскерден тыс дайындық бөлімінің бастығы  Айман НАСИЕВА: «11-ші сыныптан кейін Құрлық әскерлерінің Әскери интитутына (Алматы), Байланыс және радиоэлектроника Әскери институтына (Алматы), Әуе қорғаныс күштері Әскери институтына (Ақтөбе), Әскери-теңіз күштері Әскери институтына (Ақтау) түсулеріне болады. Сапалы әскери білім алу үшін барлық әскери оқу орындарында кітапхана, спорт залдар бар, сыныптар компьютермен жарақтандырылған. Курсанттар жайлы типтік жатақханаларға орналастырылады, оқу кезінде үш мезгіл тегін тамақпен, формалы киіммен, қажетті оқулықтармен және жәрдемақымен  қамтамасыз етіледі. Шәкіртақы төленеді. Жыл сайын курсанттарға қысқы және жазғы каникулдық демалыстар беріледі. Жазғы демалысын өткізу жеріне бару және келу  жолақысы тегін болады. Оқуды аяқтағаннан кейін курсанттарға әскери лейтанант шені және жоғары білімі жөніндегі диплом беріледі. Институтты аяқтағаннан соң офицерлермен келісім-шарт жасалады, олар офицерлік құрамға тағайындалады және ҚР Қарулы күштерінде әскери қызметтен өтеді. ҰБТ тапсыру барысындағы 4 пәннің біреуі міндетті түрде физика болуы тиіс, өткен жылы өту балы 50 болды, биылғы жылы әлі бекітіле қойған жоқ. Түлектер дәрігерлік комиссиядан өтуге міндетті, тек әскери қызметке жарамды болғандары ғана әскери институтта оқуға үміткер бола алады.

Шоқан Уәлиханов атындағы Щучинск кадет корпусы 2009 жылы колледж мәртебесін алды. Онда 11-ші сыныптан кейін оқу мерзімі 1 жыл 8 ай. Оқуды бтірген соң курсанттар шен атақтарын алады. ҰБТ тапсыру барысында 4-ші пән география болады. Қалған талаптар сол басқа әскери институттардағыдай».

19 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.