Атырау, 26 желтоқсан 12:39
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Зейнетақы көлемі жалақыға байланысты

2 438 просмотра

- 1993 жылы мүгедектігім (ІІ топ) бойынша зейнеткерлікке шықтым. Сол кезде менің еңбек өтілім 33 жыл құраған болатын. 2001 жылы 58 жасқа толдым. Ал 2002 жылы жасыма байланысты зейнеткерлікке шықтым. Енді зейнетақы 25-30 пайызға өскен сайын, менің төлемім 9 пайызға ғана өседі. Мен төлем орталығынан осы мәселе туралы білгім келгенде, маған егер мен 1993-1995 жылдары аз уақыт болса да жұмыс жасағанымда, менің зейнетақымды басқалардыкі сияқты көтерген болар еді деп түсіндірді. Бірақ мен ІІ топ мүгедегі болсам, қалай жұмыс істей алған болар едім? Енді не істеуім керек? Бәлкім басқалармен тең болып, ақшамды көбейту үшін мүгедектігім бойынша қайтадан зейнеткерлікке шығуым керек шығар?

Зоя КОТОВА

Сұраққа Атырау облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары Мәншүк ЛЕПЕСОВА жауап берді. «Бізге осындай шағымдармен зейнеткерлер жиі хабарласады. Мәселе мынада – зейнеткерлікке шыққан уақытта олардың жалақылары азғантай болған, сондықтан да аз мөлшердегі зейнетақы есептеледі. Бүгінде зейнетақының төменгі мөлшері 16047 теңге құрайды (30 пайызға көтергенге дейін ол 12344 теңгеге тең болды). Ал ІІ топ мүгедектігі бойынша көбейтілген жәрдемақы - 17246 теңге. З.Котова ІІ топ мүгедегі болғандықтан, оның төменгі зейнетақы мөлшері мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшеріне жеткізілген».

17 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.