Атырау, 9 сәуір 1724
 ашықВ Атырау +11
$ 518.57
€ 566.59
₽ 6.05

Құжатыңызды көрсетіңіз!

2 593 просмотра 68 пікір

- Біз Қызыл Балық поселкесінде тұрамыз. Жақында бізге халық санағын жүргіземіз деп бір-екі рет адамдар келді. Отбасы құрамы және кімнің қайда жұмыс жасайтындығы туралы сұрады. Содан соң біздің жеке бас куәлігіміздің, СТН-нің көшірмелерін алып, кетіп қалды. Олар өз тараптарынан ешқандай құжаттар көрсеткен жоқ. Қандай халық санағы екендігін және біздің құжаттарымыздың көшірмелерін алуға құқықтары бар ма, соны білгіміз келеді?

Сұраққа Атырау облыстық статистика басқармасының бастығы Галя МУҚАНҒАЛИЕВА жауап береді:

- Оқырман бір нәрсені шатастырып отырған болуы керек. Қазір халық санағы жүргізіліп жатқан жоқ. Қазіргі кезде біз ай сайын үй шаруашылығына зерттеу жүргіземіз. Осы зерттеуге кездейсоқ таңдау әдісімен іріктелген үй шаруашылығы қатысады. Алайда Қызыл Балық поселкесі бұл зерттеуге қатыспайды. Ал Дамбыда статистикалық зерттеуге бірнеше үй шаруашылығы ілінді. Статистика қызметкерлері әр үйді аралап, сауалнама жүргізбейді. Бұл мақсат үшін жалдамалы қызметкерлерді шақырамыз, мұны зерттеу жүргізілетін селоның тұрғындарының ішінен таңдауға тырысамыз. Шынымен де, статистикалық зерттеуге қатысатын үй шаруашылығын зерттегеннен кейін сауал алушылар қожайындардан жеке бас куәлігі мен СТН көшірмелерін сұрайды. Бұл зерттеуге қатысқаны үшін  1 АЕК сомасында сыйақы төлеу үшін қажет.

Біздің сауал алушылар әрдайым өздерінің келу мақсатын толық түсіндіреді, өздерін таныстырады, статистикалық басқарманың мөрі мен біздің басшымыздың қолы қойылған өз фотосуреттері бар арнайы бейджді, сондай-ақ, өз жеке бас куәліктерін көрсетеді. Тұрғындар өз үйлеріне біреулерді кіргізбес бұрын және өз құжаттарын бермес бұрын мұқият болғандары жөн.

9 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16