- Мен жақында ұялы телефонымды жоғалтып алдым. Оны қалалық ІІБ арқылы табуға мүмкіндік бар ма? Егер бар болса, бұл процесс қанша уақытқа созылады және ол үшін не істеу қажет?
ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, сізге Атырау қаласының ІІБ-на арыз жазып, жоғалу жай-жапсарын суреттеп, ұялы телефонның IMEI-кодын көрсетуіңіз керек. Өкінішке орай, ұялы байланыс операторларының жауаптарын күтетіндіктен телефонды іздеу ұзақ уақыт алады.