Атырау, 25 сәуір 13:55
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Төлем түбіртегі қажет

2 392 просмотра

- Мен Ресей азаматшасымын. Күйеуім – Қазақстан азаматы және тұрғылықты мекен-жайы бар байырғы Атырау тұрғыны. Осы уақытқа дейін біз бес айлық сәбиімізге - ол да Ресей азаматы, Жилгородоктағы уақытша тұрған баспанамыз бойынша емханадан тегін кеңес алып тұрған едік. Барлық екпелерімізді де тегін алып жүрдік. Жақында емхананың учаскелік педиатры келген кезде, осы айдан бастап жоспарлы ай сайынғы тексеруден өтіп тұру үшін маған №2 емханадан кеңес алу туралы төлем түбіртегін көрсетуім қажеттігін, барлық екпелерді енді ақылы түрде салатындығын ескертті. Мұндай өзгерістердің қандай негізде орын алғанын білгім келеді.

Екатерина Рамошина

- Енді белгілі бір емханаға тіркелген және бекітілген пациенттер ғана тегін емделеді. Өйткені ақшалар емханаларға әр пациентке бөлінеді. Тиісінше, сома, тіркелген халық санына байланысты болады. Сіз Ресей азаматшасы болғандықтан және тұрғылықты мекен-жайға тіркелмегендіктен, уақытша тұрған жеріңіз бойынша бюджет қаржысының есебінен қаралуға құқығыңыз жоқ, - деп түсіндірді облыстың бас педиатры Гүлфара ӨМІРБАЕВА.

- 2009 жылдың 15-ші желтоқсанындағы «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізімін бекіту туралы» ҚР ‡кіметінің қаулысы негізінде тек ҚР азаматтары мен оралмандарға ғана тегін қызмет көрсетіледі, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ. – Осылайша, басқа мемлекет азаматтарының тегін негізде жедел жәрдем шақыруға, емханаға (соның ішінде балалар стоматологиясына) баруға және стационарларда емделуіне құқығы жоқ.

«Жилгородоктағы емхана №3 емханаға қарайтын болғандықтан, төлем туралы түбіртекті тек бізден алуы қажет, - дейді №2 емхананың бас дәрігерінің орынбасары Сара БҰҚТЫБАЕВА. –Қаладағы барлық басқа емханаларда дәрігер кеңесі үшін сол жерден төлеуге болады. Баға тізбелері ілініп қойылды».

17 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.