Атырау, 23 желтоқсан 09:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Ақшаңызды кассадан ұзамай тұрып тексеріңіз!

Осынау кеңестік дәуірдегі ұран сөзі әлі күнге маңызын жойған жоқ. Өйтпеген жағдайда азаматтар келеңсіз жағдайға, мәселен, біздің кездейсоқ жалған ақшаның иесіне айналған оқырманымыздың күйін құшуға тура келеді.  Дүкенде оны кері қабылдамаған, құқық қорғау органдары өтінішін алмаған, базардан әлдебір нәрселерді сатып алып, жалған ақшадан құтылуға ар-ұяты жібермеген, ал, әмиянда жалған ақшаны сақтағысы келмеген. 13 сәуір 2011, 21:34 2 809 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Суару үшін су тарифі бөлек

- Жеке сектордың тұрғындарына қалалық суару құбырына қосылуына бола ма?  Жалпы өз көшеттерімізді су құбырының суымен суаруға дайынбыз. Алайда бұл үшін төлемнің жоғарғы тарифпен алынбайтындығына көз жеткізгіміз келеді. 6 сәуір 2011, 20:29 2 482 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Салық туралы ұмытпаған жөн

- Осыдан үш жыл бұрын мен жеке кәсіпкерлік ісімді ашқан едім. Алайда, кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндігім болмады. Салық комитетіне есеп те тапсырғаным жоқ, тіпті, сол үш жылдың ішінде бірде-бір рет барып көргенім жоқ. Енді келіп мені таныстарым айыппұл төлейсің деп қорқытып қойды. Олардың айтып отырғандары рас па және мен  сол мәселеге қатысты түсінік алу үшін қайда жолыққаным дұрыс? 30 наурыз 2011, 20:27 2 718 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Құжаттар жолданды

- 1990-шы жылдары Ленинград облысына тұрақты мекен-жайға көшіп бардым. Енді маған зейнетақы рәсімдеу оңай болмай тұр. 2008 жылы Атырауға келіп, өзім жұмыс істеген теміржол бөлімшесіне келіп, барлық қажетті құжаттарды мұрағатшыға қалдырып кеткен едім. Ол зейнетақы рәсімдеу үшін анықтама дайындап қоюға уәде берген еді, бірақ уәдесінде тұрмады. 2011 жылдың 11-ші қаңтарында қайтадан кадрлар бөліміне хат жолдадым, енді тағы күтудемін. 30 наурыз 2011, 20:32 2 753 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бейнежазба 30 күн сақталады

- Лесхоз ықшам ауданындағы ауламызға бейнебақылау камерасы орнатылған. Ол жұмыс істей ме, жоқ па, білмейміз. Жақында көршіміздің жайып қойған кірін ұрлап кеткен еді. Ұрыны табуды ұйғардық, өйткені оны өзіміздегі біреулер ұрлады деп күдіктеніп отырмыз. Әрине, полицияның ұрланған кірден басқа да анағұрлым маңызды істері бар, бірақ полицияның аты полиция ғой. 23 наурыз 2011, 19:46 2 615 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жеке сот орындаушы болу оңай емес

- Қазақстанда жеке сот орындаушыларының қызметіне ресми рұқсат етілген деп естідім. Менің заң білімім бар, әскер қатарында болдым, сотталмағанмын. Жеке сот орындаушыларына қандай талаптар қойылады және лицензия алу үшін не істеу керек? 23 наурыз 2011, 19:48 9 676 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Анықтамалықтар қолданылмайды

- Атырау қаласының жаңартылған телефон анықтамалығы осыдан шамамен төрт жыл бұрын шығарылған болатын. Осы уақыт ішінде көптеген нөмірлер ауысып, кәсіпорын мәліметтері ескірген еді. Жақын уақытта Қазақтелеком жаңа телефон анықтамалығын шығаруды жоспарлап отырған жоқ па? 23 наурыз 2011, 19:51 2 881 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мегалайн қызметіне сұраныс мол

- Бір ай бұрын «Қазақтелеком» АҚ-на «Мегалайн» қызметін қосуға өтініш берген едік. Бір ай өтті, бірақ бізді әлі қосқан жоқ. Қазақтелеком қызметкерлері қосуға қатысты кешеуілдеуді қазіргі кезде бос порттардың жоқтығымен түсіндіреді. Кейбір таныстарымыз Мегалайнға қосылуды үш айлап, кейде жарты жылдап күтуде. «Қазақтелеком» Атырау филиалында «Мегалайн» орнатуды жылдамдату үшін қандай шара алынуда? 23 наурыз 2011, 19:52 2 649 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мұрағатқа сұраныс жіберіңіз

- Фин соғысына кеткен адамның мұрағат мәліметтерін табу үшін қайда хабарласу керек және оған не қажет? Әлі күнге дейін туысқандары одан еш хабар ала алмаған. Сұраныс жіберетін электронды мекен-жай бар ма және бүкіл іздеу процесі қанша уақыт алады? 23 наурыз 2011, 19:54 2 824 рет қаралды
Сұрақ-жауап

«01» пультіне қосылу міндетті

- Жақында біздің кәсіпорынға Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттен өртке қарсы дабыл қағу жүйесін орталық «01» қызметінің орталықтанған пультіне қосу қажеттілігі туралы хабарлама келді. Бұл үдеріс қаншалықты міндетті? Өйткені біздің кәсіпорын дабыл қағу жүйесін орнату үшін бір мекемемен келісім-шартқа отырған болатын. Алайда оның пультке қосылуға лицензиясы жоқ. 9 наурыз 2011, 21:39 2 334 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Заңсыз спирттік ішімдіктерді сату қымбатқа түседі

- Мен арақ-шарап өнімдерін лицензиясыз сататын бірнеше дүкендерді білемін. Олардың қызметін кімдер бақылауға алады және заңсыз спирттік ішімдіктерді сатқаны үшін салынатын айыппұл мөлшері қандай? 9 наурыз 2011, 21:44 4 323 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көп балалы отбасылар үшін 6 мың теңге

- Менің төрт балам бар, олардың үлкені бірінші некеден болса, үшеуі екінші некеде дүниеге келді. Екінші күйеуіммен мен некеге отырмағаныммен балаларымның тегі соның атына жазылған. Мен алимент алу жөнінде шағымданғанмын, алайда, күйеуім төлемей отыр. Мен мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына көмек сұрап барғанымда ондағылар маған күйеуімнің алиментті төлемей отырғандығы жөнінде анықтама алып келуімді сұрады. Бүгінгі күні мен жұмыста жоқпын, ең кіші баламмен үйде отырмын, ол бір жасқа тола қойған жоқ. Маған мемлекет тарапынан қандай ма бір көмектер тиесілі ме? 2 наурыз 2011, 23:19 2 574 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жалған куәлік етсе…

- Менің пікірімше, мүгедек болуыма себеп болған адамды сотқа бердім. Ол алқа билер қатысатын сотты таңдады. Мен оның шешіміне наразылық білдіре аламын ба? Егер куәгер болған адамның сотта шындықты айтпағаны анықталатын болса, оның жазасы қандай екенін білгім келеді? 2 наурыз 2011, 23:29 3 020 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Хат жазыңыздар

- Мен Ресей Федерациясының аумағында тұрамын.  Менің жұбайым сотталып, қазір жазасын Атыраудағы жалпы режимдегі колонияда өтеп жатыр.   Онымен хат жазысып тұрсам деп едім. Мен өзімнің жазған хатыммен бірге оның маған жауап хатты жолдауы үшін ресейлік маркалары бар конвертті салып жібере аламын ба? 24 ақпан 2011, 00:00 2 724 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Төлем түбіртегі қажет

- Мен Ресей азаматшасымын. Күйеуім – Қазақстан азаматы және тұрғылықты мекен-жайы бар байырғы Атырау тұрғыны. Осы уақытқа дейін біз бес айлық сәбиімізге - ол да Ресей азаматы, Жилгородоктағы уақытша тұрған баспанамыз бойынша емханадан тегін кеңес алып тұрған едік. Барлық екпелерімізді де тегін алып жүрдік. Жақында емхананың учаскелік педиатры келген кезде, осы айдан бастап жоспарлы ай сайынғы тексеруден өтіп тұру үшін маған №2 емханадан кеңес алу туралы төлем түбіртегін көрсетуім қажеттігін, барлық екпелерді енді ақылы түрде салатындығын ескертті. Мұндай өзгерістердің қандай негізде орын алғанын білгім келеді. 17 ақпан 2011, 00:00 2 623 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Зейнетақы көлемі жалақыға байланысты

- 1993 жылы мүгедектігім (ІІ топ) бойынша зейнеткерлікке шықтым. Сол кезде менің еңбек өтілім 33 жыл құраған болатын. 2001 жылы 58 жасқа толдым. Ал 2002 жылы жасыма байланысты зейнеткерлікке шықтым. Енді зейнетақы 25-30 пайызға өскен сайын, менің төлемім 9 пайызға ғана өседі. Мен төлем орталығынан осы мәселе туралы білгім келгенде, маған егер мен 1993-1995 жылдары аз уақыт болса да жұмыс жасағанымда, менің зейнетақымды басқалардыкі сияқты көтерген болар еді деп түсіндірді. Бірақ мен ІІ топ мүгедегі болсам, қалай жұмыс істей алған болар едім? Енді не істеуім керек? Бәлкім басқалармен тең болып, ақшамды көбейту үшін мүгедектігім бойынша қайтадан зейнеткерлікке шығуым керек шығар? 17 ақпан 2011, 00:00 2 594 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Шәкіртақы оқу үлгеріміне байланысты

- Мен гуманитарлық колледждің студентімін, 9200 теңге шәкіртақы аламын. Танысым агротехникалық колледжде оқиды, ол 12000 теңге шәкіртақы алады. Біздің оқу үлгеріміміз бірдей. Шәкіртақы көлеміндегі айырмашылық неде? 9 ақпан 2011, 00:00 3 027 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Құжатыңызды көрсетіңіз!

- Біз Қызыл Балық поселкесінде тұрамыз. Жақында бізге халық санағын жүргіземіз деп бір-екі рет адамдар келді. Отбасы құрамы және кімнің қайда жұмыс жасайтындығы туралы сұрады. Содан соң біздің жеке бас куәлігіміздің, СТН-нің көшірмелерін алып, кетіп қалды. Олар өз тараптарынан ешқандай құжаттар көрсеткен жоқ. Қандай халық санағы екендігін және біздің құжаттарымыздың көшірмелерін алуға құқықтары бар ма, соны білгіміз келеді? 9 ақпан 2011, 00:00 2 660 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бастапқы техникалық тексеру бәріне міндетті

- Жақында біздің жүргізушімізге мемлекеттік мекеме сатып алған жаңа көліктің техникалық тексеруден өтпегені үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Алайда менің білуімше, жаңа машиналарға техникалық тексеру тек 3 жылдан кейін ғана жүргізіледі ғой. Осы дұрыс па? 9 ақпан 2011, 00:00 2 775 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ауыл үшін Интернет арзандады

- 2011 жылдың 1-ші ақпанынан бастап Интернет желісіне ұжымдық қол жеткізу қызметіне тарифтің төмендегендігі туралы естідім. Бірақ ұжымдық қол жеткізу қызметі дегеннің мағынасын түсінбедім. Бұл заңды тұлғаны білдіре ме? 9 ақпан 2011, 00:00 2 508 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жазылмаған ереже

- Мен Атырау стационарларында (ақылы және тегін негізде) әлденеше рет емделдім. Қай жерде де пациенттің қолына анализдер туралы мәліметтер мен рентген және УЗИ суреттерінің сипаттамасы берілген көшірмені ғана береді.  Ал суреттерді дұрыс «оқи алу» керек қой. Мәселен, қызым қолын сындырып алғанда, қалалық емхананың дәрігері рентген суретінен сызат байқамады. Ал... 9 ақпан 2011, 00:00 2 812 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Кез-келген банк бөлімшелерінен төлеуге болады

- Бұрын Сәтбаев, 23 мекен-жайында «Облтрансгаз», «Атырау су арнасы», «Атырау-Жарық» төлемдерін қабылдайтын  қосындар жұмыс істеген болатын. Осы ауданның тұрғындары, біздер үшін барлық коммуналдық төлемдерді бір жерден төлеу қолайлы еді. Кейіннен ол жерден халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Бізге жақын маңнан барлық коммуналдық қызмет төлемдерін төлеу қосынын ашып берер ме екен? Бұл біз үшін өте қолайлы болар еді.  2 ақпан 2011, 00:00 2 292 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Артық анықтаманың керегі жоқ

- Мен қалалық ЖШС-тердің бірінде бір жылдан бері есепші болып жұмыс істеймін. Бүгінгі күні декреттік демалысымды рәсімдеп жатырмын.  Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында менен еңбекақым жөніндегі анықтама  мен бұрын жұмыс істеген ЖК-дің нотариалды куәландырылған құжаттарын әкелуімді сұрады. Еңбекақы туралы анықтаманың қажет екендігін білемін, бірақ ЖК құжаттарының қажеттілігі қанша? Кез-келген кәсіпкер нотариусқа барып, ол үшін ақша төлеп жатпайды ғой?! 2 ақпан 2011, 00:00 2 476 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Артық анықтаманың керегі жоқ

- Мен қалалық ЖШС-тердің бірінде бір жылдан бері есепші болып жұмыс істеймін. Бүгінгі күні декреттік демалысымды рәсімдеп жатырмын.  Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында менен еңбекақым жөніндегі анықтама  мен бұрын жұмыс істеген ЖК-дің нотариалды куәландырылған құжаттарын әкелуімді сұрады. Еңбекақы туралы анықтаманың қажет екендігін білемін, бірақ ЖК құжаттарының қажеттілігі қанша? Кез-келген кәсіпкер нотариусқа барып, ол үшін ақша төлеп жатпайды ғой?! 2 ақпан 2011, 00:00 2 406 рет қаралды
Сұрақ-жауап

1-ші наурызға дейін үлгеріңіз

- «АЖ» газетінде жарияланған шарап-арақ өнімдерін сату қызметін лицензиялау жөніндегі мақалада лицензияны бірінші рет алып отырған адамдарға қандай құжаттар ұсыну қажет екендігі жазылған еді. Ал егер менің лицензиям болса және есепке тіркелгім келсе, маған Салық департаментіне қандай құжаттар ұсынуым керек? 26 қаңтар 2011, 00:00 2 416 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жұмыс орыныңызда да тіркелуге болады

- Өткен жылы мен өз үйімді сатып, тіркелген мекен-жай есебінен шығып қалдым. Ал, биылғы жылы маған жеке куәлігімді міндетті түрде ауыстыруыма тура келіп отыр. Оның бәрі аса қиын шаруа болмағанымен, куәлікті алу үшін мекен-жайға тіркелуім тиіс. Мен қазір қалада шағын бір тұрғын алаңын жалға алып отырмын, алайда, тұрып жатқан үйіме немесе басқа бір мекен-жайларға тіркелу мүмкіндігім жоқ. Ондайда қалай істегенім жөн? 26 қаңтар 2011, 00:00 2 636 рет қаралды