- Атырау қаласының жаңартылған телефон анықтамалығы осыдан шамамен төрт жыл бұрын шығарылған болатын. Осы уақыт ішінде көптеген нөмірлер ауысып, кәсіпорын мәліметтері ескірген еді. Жақын уақытта Қазақтелеком жаңа телефон анықтамалығын шығаруды жоспарлап отырған жоқ па?
Оқырман сұрағына Атырау облыстық телекоммуникациялар дирекциясының маркетинг бөлімінің бастығы Райхан ОРАЗОВА жауап берді:
- Атырау ОТД-ның өзі телефон анықтамалықтарын шығарумен айналыспайды, өйткені бұл компанияның қызмет тізіміне кірмейді. Анықтамалықты шығару заңды тұлғалардың қалауы бойынша жасалады. Олар АОТД-на анықтамалықтарды шығарудың барлық талаптарын сақтау келісім-шарттарын жасау үшін өтініш бере алады. Содан кейін оларға ақылы негізде дерекқор ұсынылады.