Атырау, 26 желтоқсан 11:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Аумақтық бөлімшеге келіңіз

2 313 просмотра

Аумақтық бөлімшеге келіңіз
- Күйеуім Қазақстан азаматтығын алған, жақында Алматы облысынан Атырауға көшіп келдік. Енді оған құжаттарды рәсімдеуі керек. Мұны қалай істеуге болады?
Телефон арқылы

Атырау облыстық әділет департаментінің баспасөз хатшысы Бақыт БАЛАПАННЫҢ айтуынша, азаматтарды құжаттандыру (жеке бас куәлігі мен төлқұжат) азаматтардың тіркеу орны бойынша аумақтық әділет органдарында жүргізіледі. «Қазіргі кезде Атырау қаласында Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, бірақ куәландыратын құжаттар алмаған адамдардың көпшілігі мекендейді. Оларға жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеу үшін міндетті түрде Халыққа қызмет көрсету орталығының аумақтық бөлімшесіне келуі қажет», - деп түсіндірді Б.Балапан. Ол үшін Атырау қаласының көші-қон қызметінен азаматтық алу туралы Ф-6 анықтамасын, азаматтарды тіркеу кітабын, мемлекеттік алымды төлегендігі туралы түбіртекті ұсыну керек. Азаматтарды құжаттандыру және тіркеу жөніндегі барлық мәселелер, сондай-ақ құжаттарды қабылдаудан негізсіз бас тартқан фактілер бойынша азаматтар Баймұханов көшесі, 16а үй, №14 кабинеттегі (телефоны: 35-75-45) Атырау қаласының Әділет департаментінің халықты құжаттандыру және тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру бөліміне, сондай-ақ Атырау облыстық Әділет департаментінің сайты арқылы (www.adiletatyrau.kz) шағымдануға құқылы.

16 наурыз 2011, 00:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.