Атырау, 21 желтоқсан 21:44
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Мегалайн қызметіне сұраныс мол

2 526 просмотра

- Бір ай бұрын «Қазақтелеком» АҚ-на «Мегалайн» қызметін қосуға өтініш берген едік. Бір ай өтті, бірақ бізді әлі қосқан жоқ. Қазақтелеком қызметкерлері қосуға қатысты кешеуілдеуді қазіргі кезде бос порттардың жоқтығымен түсіндіреді. Кейбір таныстарымыз Мегалайнға қосылуды үш айлап, кейде жарты жылдап күтуде. «Қазақтелеком» Атырау филиалында «Мегалайн» орнатуды жылдамдату үшін қандай шара алынуда?

Сұраққа Атырау ОТД-ның PR менеджері Жанар БІЛӘЛОВА жауап берді:

- Өкінішке орай, оқырман өзінің мекен-жайын көрсетпеген, сондықтан оның сұрағына нақты жауап беру мүмкін болмай отыр. Қазіргі кезде белгілі бір уақытта «Megaline» қызметіне қосылғысы келетіндер техникалық мүмкіндігі бар жерде қызметке ие болады. «Megaline» сауда маркасымен Интернет желісіне кең ауқымда қолжетімділік қызметіне сұраныс артып жатқанын ескерген Атырау ОТД бұл қызметтің әр адамға қолжетімді болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Егер 2009 жылы Атырау облысында Интернетті кең ауқымда пайдаланатын 25 361 пайдаланушы тіркелген болса, биылғы жылдың бірінші наурызында олардың саны 38 848 құрады. 2011 жылдың екінші тоқсанында қосымша ADSL порттарын қою жоспарлануда. Ол абоненттерге Megaline қызметін ұсыну мәселесін шешуі мүмкін.     

23 наурыз 2011, 19:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.