Атырау, 6 желтоқсан 08:57
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Жер округтерден беріледі

2 632 рет қаралды

- Таяуда әкімдік қайтадан қала маңынан жер учаскесін бере бастады деп хабарладыңыздар. Бұл учаскелер қаланың қай бөлігінде және ол үшін қандай құжаттар әкелу керек?

Ирина

- Барлығы 10 мың жер учаскесі берілуге дайындалған, оның 7 000-ы бөлініп қойылған. Қалған 3000-ы қала мен облыстың түрлі бөліктеріне: Бірлік-2, Жұлдыз-3, Ақжар, Талқайраң, Еркінқала, Самал-2, Тасқала-3, Дамба, Атырау селолық округтеріне бөлінген. Қалаға  аталған учаскелердің ішінде Водников поселкесі мен Самал жатады, қалғандары – селолық округтер. Учаскеге 2003-04-ші жылғы кезекте тұрғандар мен аз қамтылғандар үміткер бола алады, - дейді қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ.

Кезекке тұру үшін сізге жер учаскесі тіркелмегендігі туралы анықтама, жеке бас куәлігі мен СТН көшірмелерін ұсыну керек. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қала маңынан жер алғысы келетіндерді қабылдамайды, бос жер жоқ. Оларды селолық округтер әкімшілігіне жібереді.

16 наурыз 2011, 02:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.