Атырау, 26 желтоқсан 11:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

«01» пультіне қосылу міндетті

2 235 просмотра

- Жақында біздің кәсіпорынға Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттен өртке қарсы дабыл қағу жүйесін орталық «01» қызметінің орталықтанған пультіне қосу қажеттілігі туралы хабарлама келді. Бұл үдеріс қаншалықты міндетті? Өйткені біздің кәсіпорын дабыл қағу жүйесін орнату үшін бір мекемемен келісім-шартқа отырған болатын. Алайда оның пультке қосылуға лицензиясы жоқ.

Телефон арқылы

ҚР «Ғимараттар мен құрылыстардың өртке қарсы автоматикасы» құрылыс нормалары мен ережелерінің 14.4 тармағына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің бастамасымен өзгерістер енгізді. Егер бұрын кәсіпорындарға «01» пультіне өрт дабылының іске қосылғандығы туралы дабылды көрсету ұсынылған болса, енді ол сөз кейін «қажет» деген сөзге ауыстырылды, - дейді Атырау облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының өртке қарсы нормалау бөлімінің бастығы Ержан ҒАБДОЛОВ. Операторды таңдауға келер болсақ, онда бұл кәсіпорындардың өз шаруалары. Оператордың «01» пультіне қосылу үшін арнайы лицензиясының болуы шарт емес. Бірнеше жылдан бері өрт автоматикасы құралдарын - өрт сөндіру және өрт дабылын қағу жүйелерін монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету түрлері лицензиялық қызмет боп табылмайды.

9 наурыз 2011, 21:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.