Атырау, 26 желтоқсан 12:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Құжаттар жолданды

2 631 просмотра

- 1990-шы жылдары Ленинград облысына тұрақты мекен-жайға көшіп бардым. Енді маған зейнетақы рәсімдеу оңай болмай тұр. 2008 жылы Атырауға келіп, өзім жұмыс істеген теміржол бөлімшесіне келіп, барлық қажетті құжаттарды мұрағатшыға қалдырып кеткен едім. Ол зейнетақы рәсімдеу үшін анықтама дайындап қоюға уәде берген еді, бірақ уәдесінде тұрмады. 2011 жылдың 11-ші қаңтарында қайтадан кадрлар бөліміне хат жолдадым, енді тағы күтудемін.

Н. В. Акуленко, РФ Ропша п.

Енді аз ғана күтесіз деп ойлаймыз. Бізді «ҚТЖ» ҰК АҚ филиалының Атырау жолдар бөлімшесінің біріккен мұрағат меңгерушісі Зоя ТІЛЕУСАРИЕВА осылай деп сендірді:

- 2008 жыл туралы ештеңе айта алмаймын, өйткені бұл жұмыста 2010 жылдан бері істеп келемін. Ал Н.Акуленконың хатына келер болсақ, біз оны 2011 жылдың 7-ші ақпанында алдық. Бірден мұрағаттық - жұмыс өтілі туралы және мекеменің әлденеше рет атауын өзгерткендігі туралы анықтамаларды дайындауға кірістік. Оған хатты 17-ші наурызда жолдадық. Нина Васильевна бізден қажетті құжаттарды кешікпей қолына алуы тиіс.

30 наурыз 2011, 20:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.