Атырау, 26 желтоқсан 12:44
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Жарамдылығын тексере аласыз

2 612 просмотра

- Біздің нысанда өрт сөндіру гидранттары көптен бері тұр. Бірақ мен оларды жұмыс жасайтын-жасамайтынын білмеймін. Гидранттардың жарамдылығын қалай тексеруге болады?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының өртке қарсы нормалау бөлімінің бастығы Ержан ҒАБДОЛОВ жауап береді. Оның айтуынша, гидранттардың жарамдылығын бақылауды «Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлерімен бірге жүргізеді. Өрт гидранттарын жылына екі рет тексереді. Жабдықты республикалық «Өрт сөндіруші» мемлекеттік кәсіпорынның Атырау филиалының қызметкерлерін шақырып, ақылы негізде алдын ала тексере аласыз. Бұдан басқа, пломбаны түсіріп, жаңасын орнатқаны үшін «Атырау су арнасы» қызметіне жеке төлеу қажет. Пломбаны түсіру 2065 теңге, жаңа пломбаны орнату 3200 теңге тұрады.

9 наурыз 2011, 21:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.