Атырау, 27 желтоқсан 00:47
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Суару үшін су тарифі бөлек

2 344 просмотра

- Жеке сектордың тұрғындарына қалалық суару құбырына қосылуына бола ма?  Жалпы өз көшеттерімізді су құбырының суымен суаруға дайынбыз. Алайда бұл үшін төлемнің жоғарғы тарифпен алынбайтындығына көз жеткізгіміз келеді.

Бірінші учаске тұрғындары, Дальний өткелі

Қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВТІҢ айтуынша, қаладағы суару құбырының ұзындығы 30 километрден асады. Өзен суын Жеңіс саябағындағы, жұқпалы аурулар ауруханасының маңындағы, Балықшы поселкесіндегі, қалалық әкімдіктің жанындағы, №2 қалалық аурухананың және «Атырау-Ақпарат» КМК-нің қасында орналасқан 6 сорғы стансасы айдайды.

Қазір жаңа көшелерге суару құбырларын салу жоспарлануда, алайда бәрі де қаржыландыруға байланысты болмақ.

Тұрғындарды пайдаланушы мекемелердің келісімімен қалалық суару торабына қосуға болады, - дейді Ә.Нұрлығожиев.

Суару құбыры Водозаборная, Можайская, Бимағанов, Аманжолов («АМӨЗ» ЖШС қызмет көрсетеді), Владимирский, Абай, Сәтбаев, Азаттық, Тайманов көшелерінде, Жеңіс саябағында, қалалық және облыстық әкімдік ғимаратының («Мухиев» ЖК қызмет көрсетеді) маңында бар.

«Атырау су арнасы» КМК директоры Серік ЖҰМАШБАЕВТАН су құбырының суымен суару тарифтеріне қатысты жағдайға түсінік беруін өтінген едік:

- Суару үшін төлем Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі ҚР агенттігі департаментінің 2009 жылғы 1-ші шілдедегі бұйрығымен бекітілген тариф бойынша жүргізіледі (бағалар ҚҚС-сыз көрсетілген): жеке тұлғаларға бір текше метр үшін 20,14 теңге, заңды тұлғаларға бір текше метр үшін 124,50 теңге. Егер тұтынушыда есептегіш жоқ болса, онда суарғаны үшін төлем тұтыну нормасы бойынша суарылатын алаңның әр шаршы метрі үшін тәулігіне 15 литр есебімен алынады (ҚҚС-сыз). Сондай-ақ, мамырдан қыркүйек айына дейін суарылатын алаңның 1 шаршы метрі үшін айына 46,30 теңгемен төлеуге болады, бірақ тек сағат 23-тен 6-ға дейін ғана суару керек.  

6 сәуір 2011, 20:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.