Атырау, 4 ақпан 18:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55

Басқа жаңалықтар

Миллиардтар бөлінген жобалардың тағдыры Басқа жаңалықтар

Миллиардтар бөлінген жобалардың тағдыры

Сен пернетақтаны тарсылдатып, не жазып кеттің? – деп сұрады әріптесім. -Жәй, жобаларды аяқтап жатырмын, - деймін мен биліктің ауқымды жобалары туралы жазып отырғанымды меңзеп. Ал ондай іс біздің Атырау облысында жетіп жатыр. -Ең болмаса бір адам аяқтайтын болды-ау, - деп әзілдеді ол. Күліп алдық. Сурет 11 ақпан 2020, 17:07 3 854 рет қаралды
Жұмысберушілер  бережақтарын өтей бастады Басқа жаңалықтар

Жұмысберушілер бережақтарын өтей бастады

Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында 16 инспектор жұмыс істейді. Халықаралық еңбек ұйымдары конвенциясына сәйкес, инспекторлардың саны қызметкерлердің саны мен санаты және халықаралық еңбек ұйымдарының ұсынысымен кем дегенде 10 мың адамға біреу болуы керек. Статистикалық мәліметтер бойынша Атырау облысында 280 мың адам еңбек етеді, яғни штатта 28 қызметкер болуы тиіс. Бұл туралы «АЖ»-ға  басқарма басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВ айтып берді. 11 ақпан 2020, 17:21 3 194 рет қаралды
Атыраулықтар жұмысқа жуынбай кетті Басқа жаңалықтар

Атыраулықтар жұмысқа жуынбай кетті

10 ақпанға қараған түні Атырауда су тоқтап қалды. «Атырау облысы су арнасы» КМК диспетчерлік қызметінің хабарлауынша, түнде аяз тұруына байланысты (термометр сағат сегізде -10 градусты көрсетті) Жайықтан су алатын сорғылардың бойында мұз қатып, салдарынан су тоқтап қалған.    10 ақпан 2020, 10:09 3 471 рет қаралды
Ұсталғандардың көбі шетелдік нөмірлі көліктер Басқа жаңалықтар

Ұсталғандардың көбі шетелдік нөмірлі көліктер

8-16 ақпан аралығында Атырау облысында «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.  Алғашқы екі күн ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлемеген 50 жүргізушінің көлігі  айыппұл тұрағына қойылды. Оның 20-сы «Автоураган» жылжымалы кешенінің көмегімен анықталды. 10 ақпан 2020, 12:41 3 579 рет қаралды
Жылға жақын уақыт өтті, Мақатта әлі  бензин жоқ Басқа жаңалықтар

Жылға жақын уақыт өтті, Мақатта әлі бензин жоқ

Өткен жылдың сәуірінде 15 мыңға жуық халқы бар Мақат кентінде жанар май құю бекеті жұмыс істемей қалған. Сол кезден бастап жергілікті көлік жүргізушілер бензин үшін 30 шақырым жердегі Доссор кентіне баруға мәжбүр. Шыдамның да шегі бар демекші, қырыққа жуық мақаттық  бұрынғы «Қазмұнайгаз» жанармай құю бекетінің алдында жиналып, БАҚ өкілдерін шақырды. Сурет Бейнежазба 10 ақпан 2020, 14:07 3 767 рет қаралды
Теңіздегі жаппай тәртіпсіздікке қатысты үкім: біреу бәрі үшін Басқа жаңалықтар

Теңіздегі жаппай тәртіпсіздікке қатысты үкім: біреу бәрі үшін

Жылыой аудандық соты Теңіз кенішінде 29 маусымда болған жаппай тәртіпсіздікке қатысқан «Consolidated Contracting Engineering & Procurement» ЖШС-нің 26 жастағы бригадиріне қатысты үкім шығарды. Бейнежазба 10 ақпан 2020, 14:54 5 723 рет қаралды
​Атырауда полицейлер мен еріктілер салақ ананың үйін ретке келтірді Басқа жаңалықтар

​Атырауда полицейлер мен еріктілер салақ ананың үйін ретке келтірді

Атырау полицейлері қала маңындағы Химпоселок ауылында үш кішкентай бала қоқыстың ортасында тұрып жатқан үйге барды. Жайсыз отбасының баспанасын ретке келтіруге еріктілер көмек көрсетті.  10 ақпан 2020, 15:17 8 690 рет қаралды
Мемлекеттік қызмет ісінде жаңа басшы Басқа жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет ісінде жаңа басшы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінде жаңа басшы тағайындалды. Бұл орынға осыған дейін Қостанай облысы бойынша департаментінде осындай лауазым атқарған 40 жасар Салауат МҰҚСИМОВ отырды. 10 ақпан 2020, 15:34 4 956 рет қаралды
 Жарық тарифы кімге қанша қымбаттады Басқа жаңалықтар

Жарық тарифы кімге қанша қымбаттады

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті тұрғындар тұтынатын электр қуатының сараланған тарифтері мөлшерін жария етті. Естеріңізге сала кетейік, жаңа тарифтер 2020 жылдың 1 наурызынан бастап енгізілді. 9 ақпан 2020, 00:34 4 194 рет қаралды
Жаңа әкім бұрынғының жұмысына есеп берді Басқа жаңалықтар

Жаңа әкім бұрынғының жұмысына есеп берді

Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы Атырау қаласының әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВ қала тұрғындары алдында есеп берді. Жиынға Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ те қатысты. Сурет Бейнежазба 8 ақпан 2020, 15:28 4 154 рет қаралды
Полиция суға кеткендердің кім екенін анықтады Басқа жаңалықтар

Полиция суға кеткендердің кім екенін анықтады

Атырау полициясы Жайықта табылған екі мәйіттің кім екенін анықтады. Еске салсақ, 4 ақпанда Баймұханов-Мечников көпірінің астында Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өзеннен ер адам мен әйелдің денесін шығарған еді. 7 ақпан 2020, 14:10 4 646 рет қаралды
Атырауда жүкті әйел мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаланды Басқа жаңалықтар

Атырауда жүкті әйел мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаланды

Атырауда жыл басынан бері 18 жүргізуші 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, оның ішінде 17 адам мас күйде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалды. Мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаланғандар арасында полиция қызметкері, жүкті әйел және жас қыз бар.  7 ақпан 2020, 14:31 4 207 рет қаралды
 «Бизнес-Көмек» қоры 600 миллионды қайда жұмсады? Басқа жаңалықтар

«Бизнес-Көмек» қоры 600 миллионды қайда жұмсады?

Атырау облысы жемқорлыққа қарсы күрес департаменті облыстық құрылыс басқармасы жанындағы «Бизнес-Көмек» әлеуметтік жобаларды қолдау мемлекеттік қорының соңғы екі жылдағы қызметіне тексеру жүргізді. 6 ақпан 2020, 13:10 3 794 рет қаралды
Атырауда «автомитинг»  ұйымдастырушылардың бірі әкімшілік жауапкершілікке  тартылды Басқа жаңалықтар

Атырауда «автомитинг» ұйымдастырушылардың бірі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Атырау әкімшілік сотының қаулысымен жергілікті тұрғын шетелдік нөмірлері бар автокөліктерге қатысты заңсыз митингіге шығуға шақырғаны үшін жазаланды. Бейнежазба 6 ақпан 2020, 17:42 4 476 рет қаралды
Мемлекеттік сатып алудағы "майлы жілік" Басқа жаңалықтар

Мемлекеттік сатып алудағы "майлы жілік"

Атырау облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мемлекеттік сатып алу бойынша жүргізген мониторингі барысында 43 736 бағаны көтеру фактісін анықтады. Атап айтқанда, құрылыс басқармасында осындай 3 038 факті, білім басқармасы және оған қарасты ұйымдарда – 1 596, ішкі саясат басқармасында – 756, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында – 1 260, полиция департаментінде – 910. «АЖ» осы тізімдегі «көшбасшыға» назар аударды.  Қысқаша шолып өтейік.   5 ақпан 2020, 09:50 3 357 рет қаралды
«Субсидия жоқ, қалтамыздан төлейміз» Басқа жаңалықтар

«Субсидия жоқ, қалтамыздан төлейміз»

Бақсай каналының бойында отырған Исатай (15) мен Махамбет (2)  аудандарының 17 шаруа қожалығы көптеген жылдар бойы көлтөбандарға су шығарып, мал өрісін құнарландырып, әрі қажетті мал азығын өздері дайындап алуға тырысатын. Бұған дейін суды тұтыну төлемінің 25 пайызын шаруалар өз қалтасынан, ал 75 пайызын үкімет субсидия арқылы өтейтін. Бірақ өткен жылы үкімет субсидияға ақша бөлмей, қалған соманы шаруалар толық төлеуге мәжбүр болып отыр. 5 ақпан 2020, 10:49 3 389 рет қаралды
Қағаз соңында жүргенде балық бұзылады Басқа жаңалықтар

Қағаз соңында жүргенде балық бұзылады

Атырау облысының балық аулау кәсіпорындары өз өнімдерін шетелге экспорттау үшін тауарларының шығу тегі жөнінде СТ-1 сертификаты қажет деген талапты жоюды сұрайды. Балық аулау саласының өкілдері Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде кезекті балық аулау маусымындағы өзекті мәселені талқылады. 5 ақпан 2020, 11:42 4 984 рет қаралды
Атырауда отбасы үй тонаушыларға тойтарыс берді Басқа жаңалықтар

Атырауда отбасы үй тонаушыларға тойтарыс берді

Әлеуметтік желілерде Атыраудың Нұрсая ықшамауданындағы сәтсіз аяқталған пәтер тонау туралы бейнежазба тарап кетті. Бастарын бүркеп алған екі қаскүнем есігін ашып, пәтеріне аяқ басқан әйелмен бірге кіріп, бірақ сол бойда пәтерден үй иесінің соққысынан кері шығады, ол аздай үй иесіне екі әйел қосылып ұрып жатыр. Кіреберіс алаңындағы шайқас тонаушылардың біреуінің қашуымен, ал кейін екінші қылмыскердің де құтылып кетуімен аяқталады. Бейнежазба 5 ақпан 2020, 13:49 3 513 рет қаралды
Митингіге қаланың сыртына шық Басқа жаңалықтар

Митингіге қаланың сыртына шық

5 ақпанда қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Депутаттар «Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және  демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу» шешімін бір ауыздан бекітті. Қатысушылар атап өткендей, реттеу тәртібіне өзгерістер депутаттардың  бастамашылық ұсынысымен  енгізілді. 5 ақпан 2020, 17:38 3 346 рет қаралды
Атырау облысында электр энергиясы қымбаттады Басқа жаңалықтар

Атырау облысында электр энергиясы қымбаттады

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 1 ақпанда күшіне енген «Атырау Энергосату» ЖШС электр энергиясының тариф мөлшерін жариялады (бағалар ҚҚС есебінсіз көрсетілген). 4 ақпан 2020, 10:51 3 508 рет қаралды
«Үш алып» айналасындағы мұнай-сервистік толқулар Басқа жаңалықтар

«Үш алып» айналасындағы мұнай-сервистік толқулар

Қазақстанның  мұнай-газ саласының  «Үш алыбы» - ТШО, НКОК және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» (КПО) – тауар, жұмыс, қызмет (ТЖҚ) бойынша таяу жылдардағы сатып алулар тізімін жариялады. Бұл әрине, дұрыс. Алайда барлығымыз ірі тендерлерді негізінен  шетелдік компаниялардың ұтып алатынын білеміз. 2019 жылдың маусымында Атырауға келген сапарында президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 2018 жылы осы үш оператордың ТЖҚ сатып алу көлемі бойынша Қазақстандағы шетелдік компаниялардың барлық ТЖҚ сатып алу көлеміінң бар-жоғы 34%-ын құрағанын атап өтті. Үш «алыптың» үлестік салмағын ескерер болсақ, бұл аз. Тоқаев сол кезде-ақ үкіметке операторлармен жұмыс жүргізуді және тендерлерде сатып алу шегін 20 миллион доллардан төмен белгілеуді тапсырған еді. Ал бүгін өкілетті орган сатып алулардың 20 млн доллардан жоғары тендерлерді бекітеді, ал одан төмен болса, оны операторлардың өздері шешеді. 4 ақпан 2020, 12:42 3 683 рет қаралды
Ақшаны тек жеке куәлік арқылы күндіз айырбастауға үлгеріңіз Басқа жаңалықтар

Ақшаны тек жеке куәлік арқылы күндіз айырбастауға үлгеріңіз

Биыл 1 ақпаннан бастап Қазақстанда айырбастау орындарында (кейбіреуін қоспағанда) бірыңғай жұмыс регламенті белгінленді: 9.00-ден 20.00-ге дейін. Енді шамалы ақшаны айырбастау үшін де жеке куәлік қажет. Бұл жаңадан енгізілген тәртіпке қатысты бірнеше сұрақтарға Ұлттық банктің Атырау филиалының валюталық операцияларды бақылау бөлімінің бастығы Арсен КӨБЕКОВ жауап берді. 4 ақпан 2020, 12:50 3 107 рет қаралды
Жаңа газ өңдейтін зауыт салу бойынша қоғамдық тыңдау "тыныш" өтті Басқа жаңалықтар

Жаңа газ өңдейтін зауыт салу бойынша қоғамдық тыңдау "тыныш" өтті

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің Мақат ауданында (Атыраудан 60 шақырым) жаңа газ өңдеу зауыты құрылысының басталуы 2020 жылға жоспарланып отырғаны туралы хабарламасынан кейін көпшілікті неге қоғамдық тыңдау өткізілмеді деген сұрақ мазалады. Алайда бұл тыңдау Атырау облысы табиғат ресурстары басқармасының ұйымдастыруымен өткен жылдың 20 желтоқсанында Мақат кентінде өткізілген болып шықты. Әрі хабарландыру тек аудандық «Мақат тынысы» газетінде және ұйымдастырушының сайтында ғана жарияланған. Сондықтан көптеген қоғамдық, экологиялық белсенділер және БАҚ өкілдері хабарсыз қалып, тыңдауға қатыса алмаған, алайда бұл ұйымдастырушыларды қатты қынжылта қоймаған секілді. Енді тек хаттама мәліметтерімен ғана шектелуге тура келеді.   Сурет 4 ақпан 2020, 14:52 3 715 рет қаралды
Алимент төлеуден жалтарғанмен, жазадан құтыла алмады Басқа жаңалықтар

Алимент төлеуден жалтарғанмен, жазадан құтыла алмады

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша айыпталған Атырау тұрғыны Д.-ға қатысты үкім шығарды. 4 ақпан 2020, 20:25 2 921 рет қаралды
Полиция көлікжайының құпиясы Басқа жаңалықтар

Полиция көлікжайының құпиясы

Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне арнайы автокөлік сатып алу ісінің ауқымы таң қалдырады: 2015 жылы департамент 53 патрульдік «Нива» және 7 «Газель» көлігін алды, екі жылдан кейін полицейлеріміздің автопаркі Nissan Almera және Shevrоlet маркалы 37 жаңа көлікпен толықты, тағы екі жылдан кейін – 2019 жылы олардың қатарына 54 «Нива» және 24 «Skoda Octavia» автокөліктері қосылды. Сонымен қатар, жақында облыс әкімдігінде өткен кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі мониторинг бойынша соңғы жағдайда бағаны айтарлықтай көтергенін мәлімдеді. 3 ақпан 2020, 17:40 4 507 рет қаралды
Зейнетақы туралы бірнеше сұрақ-жауап Басқа жаңалықтар

Зейнетақы туралы бірнеше сұрақ-жауап

«АЖ» қоржынында зейнетақы жөнінде жинақталып қалған бірнеше сұрақтарды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Атырау  филиалы директорының орынбасары  Қарлығаш ЖАНСАРИЕВАҒА  жолдадық. 3 ақпан 2020, 17:47 5 773 рет қаралды
«Атыраудың базарындағы барлық ет үш күн тоңазытқышта сақталады» Басқа жаңалықтар

«Атыраудың базарындағы барлық ет үш күн тоңазытқышта сақталады»

Ауылшаруашылық министрлігінде кеңейтілген кеңес өтті, онда ұрғашы малды шетелге шығаруға уақытша тыйым салу туралы шешім қабылданды, - деп хабарлады брифингте Атырау облысы ветеринария басқармасының басшысы Азамат АЙТҚАЛИЕВ (суретте). Бұған мал басын сақтап қалуды көздеген малшылардың өтініші себеп болды. 2 ақпан 2020, 08:01 4 547 рет қаралды
Атыраудағы жағалаудың құрылысы тоқтатылды. Көпірдің де қатысы бар Басқа жаңалықтар

Атыраудағы жағалаудың құрылысы тоқтатылды. Көпірдің де қатысы бар

Атыраудағы Жайық өзені жағалауының құрылысы экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алғанға дейін тоқтатылды –осындай шешімді ауданаралық экономикалық сот қабылдады. Бұған дейін Атырау облысы бойынша экология департаменті мердігер «КА Строй ЛТД» ЖШС үстінен талап арыз берген. Сурет 31 қаңтар 2020, 09:43 4 986 рет қаралды
Тергеу электрондық форматқа көшпек Басқа жаңалықтар

Тергеу электрондық форматқа көшпек

«Е-қылмыстық іс» жобасын жүзеге асыру аясында қылмыстық тергеу органдары сотқа дейінгі тергеуді электрондық форматқа көшіруге кірісті. 2019 жылы Атырау облысында полиция электрондық форматта 1,5 мыңнан аса қылмыстық құқық бұзушылықты (жалпы санның 24,4%) тергеді.  31 қаңтар 2020, 14:20 2 931 рет қаралды
Атырауда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылады Басқа жаңалықтар

Атырауда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылады

Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасы өңір әкімдігімен бірге іске асырып жатқан «Бизнеске арналған үкімет» жобасы «бір терезе» қағидасы бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсетуге бағытталған. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла ИДРЕСОВ жергілікті кәсіпкерлермен есептік кездесу барысында айтты. 31 қаңтар 2020, 15:40 4 040 рет қаралды