Атырау, 4 мамыр 14:36
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Теңіздегі жаппай тәртіпсіздікке қатысты үкім: біреу бәрі үшін

Бейнежазба
5 442 просмотра


Жылыой аудандық соты Теңіз кенішінде өткен жылдың 29 маусымда болған жаппай тәртіпсіздікке қатысқан «Consolidated Contracting Engineering & Procurement» ЖШС-нің 26 жастағы бригадиріне қатысты үкім шығарды. 

Сотқа дейінгі тергеу кезінде Т.М. 29 маусым күні сағат 11:00 шамасында басқа да белгісіз адамдармен бірігіп, автобус аялдамасында Иорданияның екі азаматын соққыға жыққаны анықталды. Тергеу барысында оған 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы (Денсаулыққа зиян келтіруге арнайы бейімделген заттарды қолданып жасалған бұзақылық) бойынша айып тағылды, бірақ сот процесінде іс 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағына қайта өзгертілді (Бір топ адамдармен жасалған бұзақылық). 

Сот Жылыой ауданы Жаңа Қаратон ауылының 26 жастағы тұрғыны Т.М.-ді кінәлі деп тауып, оны 300 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарды.

- Оған 2019 жылғы 2-4 шілде аралығында қамауда, ал 4 шілде мен 4 желтоқсан аралығында үйқамақта ұстау түрінде бұлтартпау шарасы қолданылуына байланысты, ҚР ҚК-нің 62-бабының 3, 4-тармақтарының негізінде тағайындалған 300 сағат қоғамдық жұмыс жасау жазасы өтелді деп есептеледі, - деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Тергеу барысында полиция тәртіпсіздікке қатысқан басқа да қатысушыларды іздеді, бірақ нәтижесіз болды. Олардың барлығы бірдей бетперде киген және жұмыс киімдері де бірдей болған.

Естеріңізге сала кетейік, 29 маусымда Теңіз кен орнында жаппай тәртіпсіздіктер болып, салдарынан 38 шетелдік және 6 қазақстандық азамат зардап шекті. Зардап шеккендердің көпшілігі – Иордания азаматтары. Сол оқиғадан кейін олардың барлығын арнайы бортпен еліне жіберді. 


Фархат ӘБІЛОВ

10 ақпан 2020, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.