Атырау, 20 сәуір 04:54
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Теңізде жаппай тәртіпсіздік орын алды

Бейнежазба
5 868 просмотра
Бейнежазбадан алынған кадр
29 маусымда Теңіз кенішінде FGP 3-буын зауытының құрылыс алаңында қазақстандық жұмысшылар арасында наразылық толқыны орын алды. Тәртіпсіздік барысында бірнеше шетелдік, негізінен, арабтар зардап шекті.

«АЖ»-ға ТШО-ның қауіпсіздік қызметіндегі дереккөз хабарлағандай, экспаттарды жаппай ұрып-соғу таңғы астан кейін сағат 9-дар шамасында басталған. Құрылыс нысанына шетелдік жұмысшыларға наразылық танытқан бірнеше жүздеген адам жиналған. Ол жерден барлық шетелдікті шұғыл эвакуациялауға тура келіпті. Кейбір автобустарға жиналған топ тас атқан.

Назар аударыңыз! +18





Жанжалдың тууына «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)» компаниясы қызметкерінің әлеуметтік желіге жариялаған суреті түрткі болған. Бұл жергілікті жұмысшылардың ұлттық намысына тиген.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге тараған суреттер мен бейнежазбаларға қарағанда, шетелдіктердің арасында зардап шеккендер бар.

Біздің Теңіз кенішіндегі дереккөздеріміз зардап шеккен арабтардың бірі өлді деген қауесетті жоққа шығарды.



Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Теңіздегі оқиғаға түсініктеме берді:

«29.06.2019 ж. сағат шамамен 11:00-де «Теңіз» вахталық поселкесінде (кеніш Жылыой ауданының Құлсары қаласынан 120 шақырым, Атырау қаласынан 340 шақырым жерде) «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)» компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливан азаматы Eli Daoud-тің  бір қыздың суретін және қолындағы рациясының антеннасын қызға бағыттаған өзінің суретін «Whatsapp» профиліне шығарып қойғанына наразылық білдірген.

Оқиға орнына уәкілетті органдардың барлық лауазымды тұлғалары және аудан прокуроры барды.

Жұмысшылармен кездесуге облыс әкімі,  ПД, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылары, облыстық прокурор келді.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз етуде».

Естеріңізге салсақ, бұл Теңіздегі алғашқы төбелес емес. 2006 жылы 2-буын зауытын салу кезінде асханада болған жанжал  қазақ және түрік жұмысшылары арасында жаппай төбелеске ұласқан еді. Нәтижесінде 140 түрік азаматы зардап шегіп, бірнеше қазақстандық жұмысшы жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғаны үшін жазаланған болатын.

Теңіз вахталық поселкесінде түстен кейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік ШАПКЕНОВ жұмысшылармен кездесті. Кездесу барысында «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore» жұмысшыларымен тұрмыстық қақтығыстарды күшейтуге жол бермеу туралы әңгіме жүргізіліп, сондай-ақ, кеніштегі еңбекті ұйымдастыру мәселесі талқыланды. 

Жанжалды шешумен құрамына мемлекеттік органдардан бірге аталмыш компания мен ТШО өкілдері кіретін ведомствоаралық комиссия айналысады. Комиссия жұмысына Шапкенов басшылық етеді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Теңіздегі жағдай тұрақтанды.

ТШО медициналық пунктінде 30 адамға медициналық көмек көрсетілген.

Сондай-ақ, қақтығыстың «себебі» туралы да ақпарат бар - Ливан азаматы Eli Daoud жұмысынан босатылған. Оқиғадан кейін үшінші буын зауытының барлық қызметкерлері эвакуацияланған. «ССЕР» ЖШС кеңсесі тас-талқан болып, 10 автобус қираған.

«АЖ»-ға мәлім болғандай, Теңіздегі тәртіпсіздік фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293- бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылардан жауап алынуда. Ал Ливия азаматы Eli Daoud қазақ халқынан кешірім сұрайтын бейнежазба жариялады. Оның айтуынша, ол әріптесімен «қалжың үшін суретке түскен» және мұның соңы неге ұласатынын білмеген.


Жанжал шығарушылардың жеке басы анықталды. Полиция қақтығыс болған жерде жұмыстарын жалғастыруда.

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желілерден алынған суреттер

30 маусым 2019, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.