Атырау, 4 мамыр 13:04
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Ұсталғандардың көбі шетелдік нөмірлі көліктер

3 373 просмотра


8-16 ақпан аралығында Атырау облысында «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.  Алғашқы екі күн ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлемеген 50 жүргізушінің көлігі  айыппұл тұрағына қойылды. Оның 20-сы «Автоураган» жылжымалы кешенінің көмегімен анықталды.

Айып тұрағына қойылған көліктердің 29-ы Ресей Федерациясында және 13 көлік Арменияда тіркелген. Сонымен қатар, Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталған 130 ереже бұзушыға айыппұлды уақытылы төлеу қажеттігі туралы ұйғарым берілді.

- 250-ден астам полиция қызметкері мен жеке сот орындаушылары қатысқан іс-шараның мақсаты – ішкі істер органдары салған әкімшілік айыппұлды өндіріп алудың тиімділігін арттыру, - деп атап өтті Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Егер жүргізушілер хабарламаны алғаннан кейін айыппұлды 7 күн ішінде төлейтін болса, 50%-ын төлейді. Ал бұдан асса, 30 күн ішінде толық соманы төлеуі тиіс. Бұл мерзім өткеннен кейін құжаттар мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушылар палатасына жіберіледі. Осы жерде борышкерлерге мүлкіне тыйым салу, есепшоттары мен карточкаларын бұғаттау сияқты қатаң шаралар қолданылады. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 ақпан 2020, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.