Атырау, 6 желтоқсан 14:37
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырауда полицейлер мен еріктілер салақ ананың үйін ретке келтірді

8 598 рет қаралды



Атырау полицейлері қала маңындағы Химпоселок ауылында үш кішкентай бала қоқыстың ортасында тұрып жатқан үйге барды. Жайсыз отбасының баспанасын ретке келтіруге еріктілер көмек көрсетті. 

- 30 жастағы әйел және оның үш баласы жайсыз отбасы ретінде есепте тұр. Бұл кезекті тексеру еді. Тұрғын үйдің санитарлық жағдайы өте нашар күйде - барлық жерде түрлі қоқыстар, тамақ қалдықтары мен жуылмаған ыдыстар шашылып жатыр, - дейді Атырау облысы полиция департаментінің өкілі Гүлназира МҰХТАРОВА. - Бұл жолы бізге бір топ еріктілер ілесіп, үйді жинастыруға кірісіп кетті. Олар үй мен ауланы мұнтаздай тазалап, ыдыстарды жуып, қоқысты шығарып кетті.

Г. Мұхтарованың айтуынша, өткен жылдың мамыр айында полиция қызметкерлері осы отбасындағы үш баланы қалалық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырған еді. Сол кезде анасы оларға көбірек уақыт бөліп, қолайлы жағдай жасауға уәде бергені үшін балаларын қайтарып берген еді...

Фархат ӘБІЛОВ

10 ақпан 2020, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.