Атырау, 6 желтоқсан 15:00
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда отбасы үй тонаушыларға тойтарыс берді

Бейнежазба
3 488 рет қаралды

Бейнежазбадан кадр

Әлеуметтік желілерде Атыраудың Нұрсая ықшамауданындағы сәтсіз аяқталған пәтер тонау туралы бейнежазба тарап кетті. Бастарын бүркеп алған екі қаскүнем есігін ашып, пәтеріне аяқ басқан әйелмен бірге кіріп, бірақ сол бойда пәтерден үй иесінің соққысынан кері шығады, ол аздай үй иесіне екі әйел қосылып ұрып жатыр. Кіреберіс алаңындағы шайқас тонаушылардың біреуінің қашуымен, ал кейін екінші қылмыскердің де құтылып кетуімен аяқталады.

Атырау облысының полиция департаменті хабарлағандай, сол күні «102» пультіне 24 жастағы қала тұрғыны хабарласқан, бұл сол өз пәтеріне кіріп жатқан қыз болатын.

- Жедел алынған шаралар нәтижисінде қылмыс ізі суымай ашылды. Атырау қаласының 27 және 32 жастағы тұрғындары ұсталды, олар қылмысын мойындады. ҚР ҚК-нің 191-бабы (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Ұсталғандардың бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы анықталды. Енді олардың басқа да оқиғаларға қатыстылығы тексерілуде.


Фархат ӘБІЛОВ

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

5 ақпан 2020, 13:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.