Атырау, 6 мамыр 03:44
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Әкім Оразбаевтың тезистері

3 605 просмотра


30 қаңтарда қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Депутаттар алдында жақында тағайындалған Атырау әкімі Қайрат Оразбаев жылдық есеп берді.

Өнеркәсіп

Әкімнің айтуынша, 2019 жылы қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 767,5 млрд теңгенің өнімін өндірді. «Атыраунефтемаш» ЖШС-де ыстық мырыштау әдісімен металдың коррозияға қарсы қорғаныс қаптамаларын жасау бойынша өндірістік желі енгізілді. «Эко Пластик» ЖШС пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу зауыты салынды.

Ауыл шаруашылығы

Ет өндірісі 3 012 тоннаны құрады, сүт – 4339 тонна, жұмыртқа – 201,1 мың дана. 5 845 тонна картоп жиналды. 16 балық аулау артеліне 11 977 тоннаға квота берілді.

Кәсіпкерлік

Бүгінде Атырауда 33 978 шағын және орта бизнес субъектісі бар. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 342 қатысушы, «жас кәсіпкер» жобасы бойынша 53 қатысушы оқытылды.

Тұрғын үй құрылысы

2019 жылы бұл салаға 54 млрд теңге бөлінді. 655 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа тұрғын үйге Қарабатандағы №496 разъезден 16 отбасы және апатты деп танылған Құнанбаев көшесіндегі №13 үй мен Досмұхамедов көшесіндегі №15 үйдің тұрғындары қоныс аударды.

Инфрақұрылым және коммуналдық шаруашылық

2019 жылы жалпы ұзындығы 47,8 шаршы метр болатын 48 көшеде жол құрылысы аяқталды. 200 жаяу жүргінші жолына жарық қондырылды. Көшелерде 49 автобус аялдамасы, 8 воркаут-тренажер орнатылды. 1298 жол белгілері қойылды.

Қоғамдық көлік

Жолаушыларды тасымалдаумен 9 кәсіпорын айналысады, күн сайын желіге орта есеппен 190 автобус шығады. Электрондық билеттеу жүйесі енгізілді. Маршруттық автобустарда 200 мобильдік терминал орнатылған.

Жұмыспен қамту

Атырауда қазір 2059 жұмыссыз ресми тіркеуде тұр. Өткен жылы 8385 адам жұмысқа орналастырылды.

Білім

Өткен жылы орта мектепті 2171 адам бітірді. ҰБТ нәтижелері бойынша қалада орташа балл 65,7-ні құрады (2018 жылы – 75,5 болды). «Береке» ықшамауданында 1200 орындық, Дамба ауылында 300 орындық, «Самал» ықшамауданында 600 орындық, Жаңаталап ауылында 300 орындық, «Балауса» және Ақжар-2 ықшамаудандарында әрқайсысы 600 орыннан мектептер салынуда.

Демография

2019 жылғы 1 желтоқсанда қала халқының саны 348 182 адамды құрады. 8 852 адам дүниеге келсе, 1721 адам қайтыс болған. 

Құқықтық тәртіп

2019 жылда 5060 қылмыстық іс тіркелді. Полицияның жедел басқару орталығы 759 бейнекамераны іске қосты. Жақын арада бұл жерде «Сергек» жүйесі іске қосылады деп күтілуде.

Баяндамаға депутаттар қолдау білдіргеннен соң Қ.Оразбаев алдағы уақытта шешімін күтіп тұрған міндеттер тізіміне тоқталды.

Бірінші: апатты жағдайдағы мектеп асханалары бар – мұндай орындарға балаларды кіргізуге болмайды.

Екіншіқоғамдық көлік.  «Бір  маршрут – тиімді, екіншісі тиімсіз» -  ондай әңгімелерді доғару керек. Біз қала маңынан жеке тұрғын үй салу үшін жер беріп отыр екенбіз, демек, оларды автобус тасымалымен қамтамасыз етуге міндеттіміз.

Үшінші: тұрғындар коммуналдық қызмет төлемдерін төлейтін орындарды ашуымыз керек.

Төртінші: Біз қаңғыбас иттерді атуды жалғастырамыз. Мың иттің өлімі бір баланың өмірінен артық емес.

Бесінші: 24 көппәтерлік үй салдық, ал онда жол да, балабақша да, газ бен су, жарық та жоқ. Комуникация жүргізілу керек.  

Саяжай серіктестіктеріне келсек, олардың мәселелері еш шешімін таппаған. Учаске иелерінің жартысы үй салып алған, бірақ коммуникация жоқ. Оларға көмектесуіміз қажет.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

Суретті түсірген  Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ


31 қаңтар 2020, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.