Атырау, 24 сәуір 07:10
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Жұмысберушілер бережақтарын өтей бастады

2 678 просмотра


Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында 16 инспектор жұмыс істейді. Халықаралық еңбек ұйымдары конвенциясына сәйкес, инспекторлардың саны қызметкерлердің саны мен санаты және халықаралық еңбек ұйымдарының ұсынысымен кем дегенде 10 мың адамға біреу болуы керек. Статистикалық мәліметтер бойынша Атырау облысында 280 мың адам еңбек етеді, яғни штатта 28 қызметкер болуы тиіс. Бұл туралы «АЖ»-ға  басқарма басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВ айтып берді.

Таяуда еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан НҰРЫМБЕТОВ қазір еліміз бойынша барлығы 260 еңбек инспекторы жұмыс істейді және бұл санды кем дегенде 2,5 есе арттыру қажет деп мәлімдеді.

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2019 жылы басқармаға  1 776 арыз түсті, оны қарау нәтижелері бойынша еңбектегі құқықтық қатынастар саласында 949 адамның конституциялық құқығы қорғалды.

Басқарма 502 тексеру жүргізіп, тексеру барысындла 570 заң бұзушылықтарды анықтады, 294 ұйғарым берілді, 428 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өткен жылы ауыр және өлімге әкеп соғатын өндірістік жарақат бойынша 35 жағдай тіркелді. Қайғылы жағдайлардың салдарынан 38 адам зардап шекті, бесеуі қайтыс болды. Мұндай оқиғалар көбіне құрылыс және мұнай-газ салаларында көп: 8 жағдай кездесті.

Басқарма қызметкерлері ай сайын еңбекақы беру мониторингін жүргізіп отырады. 2018 жылдан бастап 28 кәсіпорында еңбекақы бойынша жалпы сомасы 169 млн теңге бережақ болған. Алынған шаралар бойынша 161,2 млн теңге көлеміндегі бережақ өтелді. Бүгінде облыстағы 3 кәсіпорында 104 қызметкер алдында еңбекақы бойынша 32,7 млн теңге («Catering Lider Company» ЖШС – 25 млн,  «Water Energi» ЖШС – 7,3 млн,  «Казэлектрикум» ЖШС – 342 мың) бережақ бар.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

 

11 ақпан 2020, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.