Атырау, 6 желтоқсан 14:36
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Соңғы тамшыға дейін...

Бейнежазба
2 695 рет қаралды


"Орал апталығының" журналистері Лұқпан Ахмедяров пен Раул Упоров ірі мұнай кен орындарының маңында тұратын қарапайым қазақстандықтардың өмірі туралы деректі фильм түсірді.

Фильм авторлары ел мұнайының ауқымды бөлігі өндірілетін Қазақстанның үш батыс өңірінде болды. 
"Мұнай қаһары" фильмі Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстарында бір жылдан астам уақыт бойы түсірілді. Фильмді жасау идеясы Ақтөбе облысының Кеңқияқ ауылына жасаған іссапар барысында пайда болған-ды. 

- Ел тұрғындарының көпшілігі мұнай туралы теледидар жаңалықтарындағы сюжеттерден ғана біледі, мұнда мұнай өндіру игілік ретінде ғана көрсетіледі. Біз осы индустрияның басқа жағын фильм кейіпкерлері - кен орындарына жақын тұратын қарапайым адамдардың көзімен көрсетуге шешім қабылдадық, - дейді фильм авторларының бірі Лұқпан Ахмедяров.



10 ақпан 2020, 19:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.