Атырау, 3 мамыр 09:57
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Митингіге қаланың сыртына шық

3 129 просмотра


5 ақпанда қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Депутаттар «Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және  демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу» шешімін бір ауыздан бекітті. Қатысушылар атап өткендей, реттеу тәртібіне өзгерістер депутаттардың  бастамашылық ұсынысымен енгізілді.

Осы құжатқа сәйкес, Жеңіс саябағы бейресми митингілерді өткізу орындарының қатарына енбей қалды. Депутаттар мұны қасиетті жерде талап қойып, айқай-шу шығаруға болмайды деп түсіндірді. Бұл мақсатқа тек бір ғана рұқсат етілген орын бөлінді – қала шетіндегі «Салтанат сарайы» ғимаратының жанындағы ҚР әнұранының авторы Жұмекен Нәжімеденов ескерткіші маңы.

Депутаттар, сондай-ақ, Дамбыдағы Атырау ауылдық округінің тарихи «Қызыл балық» атауының қайтарылуы үшін дауыс берді. Ауыл 1956 жылдан 1982 жылға дейін «Қызыл балық» болып аталған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 ақпан 2020, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.