Атырау, 4 ақпан 19:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55

Қайтарымсыз грант: Атырау тұрғындарына жаңа мүмкіндік

106 рет қаралды

Әлеуметтік осал топтағы азаматтарды кәсіпкерлікке тарту жұмыстары жалғасуда. Биыл грант алушылардың саны артып, 330 адам қаржылай қолдауға ие болады. Былтыр мұндай мүмкіндікке 291 тұрғын қол жеткізген еді.

Әрбір грант иесіне 400 айлық есептік көрсеткішке дейін қаражат бөлінеді. Бұл қаржы жаңа кәсіп ашуға немесе бар бизнесті дамытуға бағытталады. Үміткерлер қатарында жұмыссыздар мен жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніне үш жылдан аспаған азаматтар бар. Негізгі талап – әлеуметтік осал санатқа жатуы.

Облыстық еңбек мобильділігі орталығының басшысы Мереке Есқалиевтің айтуынша, өткен жылы ұсынылған жобалардың көбі ауыл шаруашылығы, медицина және қоғамдық тамақтану салаларына тиесілі болған. Оның сөзінше, бағдарламаға қатысушылар жалға алынған жұмыс орнын көрсетуі тиіс. Нәтижесінде 2024 жылы 289 адам өз ісін бастап, кәсіпкерлігін дамытуға мүмкіндік алған.

Қайтарымсыз грант иегерлерінің бірі – Мейрамгүл Ақпанова. Ол алты ай бұрын грант жеңіп алып, зейін тапшылығы мен гиперактивтілік синдромы бар балаларға арналған дамыту орталығын ашқан. Қазір орталықта күніне шамамен 10 бала қабылданып, олармен төрт маман жұмыс істейді.

«Грант алу мүмкіндігі туралы жұмыспен қамту орталығынан білдім. Өзім ерекше қажеттілігі бар баланың анасымын. Жеке тәжірибемізге сүйене отырып, басқа ата-аналарға қолдау көрсетуді мақсат еттік», – дейді кәсіпкер.

Оның айтуынша, өзі мінез-құлықты қолданбалы талдау маманы, ал жұбайы адаптивті дене шынықтыру жаттықтырушысы болып еңбек етеді.

Бүгін, 18:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.