Атырау, 30 мамыр 16:24
 дождьВ Атырау +21.7
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

Бапи экс-президенттің отбасы мүшелері билікке неге қайтып келе алмайтынын түсіндірді

418 рет қаралды
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи жаңа Конституция жобасындағы бір бапқа қатысты қоғамда айтылып жүрген күдікке жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

4 ақпанда Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Конституция жобасын талқылау мәселесін күн тәртібіне енгізуді ұсынды. Бұл бастаманы депутаттар қолдады.

Ермұрат Бапи қоғамда талқыланып жатқан Конституция жобасының 48-бабына тоқталды. Оның айтуынша, аталған бапта Республика Президентінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға қатысты конституциялық кепілдіктер қарастырылған.

— Осы баптың үшінші тармақшасында «бұл нормалар экс-президентке де қолданылады» деп көрсетілген. Осыған байланысты кейбір азаматтар «бұрынғы президенттің отбасы мүшелері билікке қайта оралуы мүмкін» деген күдік білдіріп жатыр. Бұл – негізсіз алаңдаушылық, — деді депутат.

Бапидің сөзінше, мұндай пікірлердің астарында құқықтық негіз жоқ. 

— Экс-президент түгілі, қазіргі Президенттің де отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салынған. Бұл норма 2022 жылғы 8 маусымда қабылданған конституциялық заңмен бекітілген, — деп түйіндеді ол.

4 ақпан, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.